astana-view

Алматыда Орталық Азия креатив инкубатор жобасының финалы өтеді

2023 жылғы 06 Қыркүйек
7567 просмотров

2023 жылдың 7 қыркүйегінде Алматыда Central Asia Creative Incubator (CACI) жобасының финалы өтеді. Бұл жоба креатив кәсіпкерлікті дамытуға арналған Орталық Азиядағы инкубатор.

CACI жобасын USAID кәсіпкерлік және іскерлік орта жобасының қолдауымен Born Nomad ұйымдастырып отыр.

2023 жылдың 1 мамырында басталған CACI жобасына Орталық Азия елдерінен 1686 өтінім келіп түсті. Өтінім берген елдер қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан бар. Оқу бағдарламасын (1-кезең)  625 қатысушы аяқтады және конкурс-инкубаторға (2-кезең) 268 адам қатысты. CACI жобасына қатысу тегін.

Жобаның финалында тәуелсіз халықаралық қазылар алқасы жобаның финалына (3-кезең) жеткен 10 қатысушының креатив индустрия саласындағы брендтері мен өнімдерінің 3 минуттық питчинг презентациясын бағалайды.

Орталық Азия креатив инкубаторы жобасының қорытынды бағдарламасы:

- Марапаттау рәсімі

- «Creative Central Asia бренді: Орталық Азия әлемге қандай креатив өнім ұсына алады?» тақырыбында сарапшылық талқылау

- Брендтер, өнімдер, жетістіктер, CACI финалистері мен қатысушылары жұмыстарының, сондай-ақ, креатив саласындағы кәсіпкерлер мен Орталық Азияның шығармашылық адамдарының шығармашылық көрмесін (ШОУКЕЙС) қамтиды.

«CACI мақсаты – Орталық Азияның креатив тұрғындарына бойындағы таланты мен әлеуетін бизнеске айналдыруға көмектесу, кәсіпкер ретінде бренд құру, өнім әзірлеу, прототиптеу, қаржы, визуалды коммуникациялар, маркетинг, сату, тарату, зияткерлік меншікті қорғау, логистика мәселілін шеше білу, идеялар мен креатив дағдыларды коммерциялау, негізгі креатив дағдыларды жетілдіру», –  дейді Born Nomad директоры Айка Алеми.

Жоба серіктестері: MEGA сауда орталықтары желісі, DE Montfort University Kazakhstan, AIKA ALEMI EDUCATION

CACI жобасының финалы 2023 жылдың 7 қыркүйегінде Алматы қ., MEGA Alma-Ata алаңында Розыбакиев 247 мекенжайы бойынша өтеді.

Қонақтардың жиналуы сағат 15:30. Бағдарлама сағат 16:00-де басталады. Аккредиттеу мәліметтері және сұраныс бойынша толық ақпаратты мына нөмір арқылы алуға болады: +7 708 164 60 12, bornnomadkz@gmail.com

USAID-тің кәсіпкерлік және бизнес ортасы жобасы Орталық Азия елдеріндегі экономика салаларын қолдауға бағытталған. Бұл бәсекеге қабілеттілік, кәсіпорындар мен жеке компаниялардың өнімділігінің өсуі, сондай-ақ жаңа жұмыс орнындарың ашылуыа септігін тигізеді.

Жобаның негізгі секторлары: байланыс және ақпараттық технологиялар, жарық өнеркәсіп, тамақ өңдеу (USAID келісімі бойынша) және туризм.

Жоба туралы ақпарат: https://www.facebook.com/FGICentralAsia/

Born Nomad 2021 жылы шығармашылық кәсіпкерлікті дамыту және әйелдерге арналған мүмкіндіктерді кеңейту жобасы ретінде құрылған. Үшінші маусымда Қазақстан қолөнершілерін қолдау алаңы ретінде басталған бұл жоба: сән, интерьер дизайны, сәулет, кино, музыка, туризм сияқты креатив индустриялардың барлығын қамтып қана қоймай, сондай-ақ Орталық Азияның бүкіл аумағына таралып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер