Түркиялық компаниялармен жаңа бірлескен жобалар іске асырылады
«Атамекен» ҰКП алаңында «Мир Холдинг» түрік компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.
«Мир Холдинг» – құрамына «құбыр өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс және қорғаныс өнеркәсібі» салаларында жұмыс істейтін 15 компания кіретін ғылыми-зерттеу компаниясы.
«Мир Холдинг» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және «Медениет, шехир ве Мир» (Ыстамбул, Түркия) қорының негізін қалаушы Ибрагим Мирмахмутогуллары кездесуде қазақстандық әріптестеріне компания қызметін таныстырды.
Ибрагим Мирмахмутогулларының айтуынша, компанияда 50 инженер, 25 профессор және жалпы зерттеу мен әзірлеу саласында 50-ден астам докторлық дәрежесі бар 150 зерттеуші жұмыс істейді.
«Мир Холдинг» – Түркияда өнім шығаруға 100-ден аса патенті бар бірден бір компания. Осы әзірлемелердің 70 айызы өндірісте», – деді «Мир холдинг» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы.
Түрік компаниясы әлемде жоғары қысымды ең үлкен құбырларды шығарады. Мұндай құбырлар су, мұнай, газ тасымалдау үшін қолданады. Сонымен қатар компания жылыжай кешендері мен ақылды жасыл қала құрылысының жобаларымен айналысады.
Сарапшылар компания 50 жыл кепілдік берілген инновациялық материалдағы құбырларды шығаратынын атап өтті. Бір құбырдың ұзындығы екі шақырымға дейін жетеді. Қазақстандық бизнес мұндай технологияларды трансферттеуге мүдделі. Мұндай құбырлар арқылы, мысалы, суармалы жерлерді пайдалану үшін судың шығынын жерге сіңіп кетуін алдын алуға болады.
Ғимараттарды салу үшін жеңіл металдардан жасалған энергияны үнемдейтін озық материалдардан жасалған гибридті панельдер құрылыс саласындағы сарапшыларды қызықтырды. Сонымен қатар, түрік мамандары ұсынған жылу мен суды қайта өңдеу, сондай-ақ қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу технологиялары құрылыста пайдалану тәсілдері өзекті бағыттар.
Жылыжай құрылысындағы инновациялық тәсілдер – геотермалдық суларда жылытылатын гидропоникалық жылыжайлар да агроөнеркәсіп кешені сарапшыларын қызықтырды. Мұндай жылыжайларда 1 ғана қызанақ тұқымынан 20 000 жеміс өсіріледі (бұл шамамен 2 тонна), ал 1 келі қызанақ өндіру үшін небәрі 6 литр су пайдаланылады (әдетте 60 литр су жұмсалады).
Таныстыру барысында қазақстандық әріптестер сұрақтарын қойды.
Жиын соңында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов түркиялық әріптестерге қызықты презентация үшін алғысын білдіріп, тұжырымдаманың өте жақсы екенін атап өтті.
«Біз ынтымақтасуға, құрылысты бастау үшін қажетті рұқсат беру рәсімдері бойынша жәрдемдесуге дайынбыз. Қажет болса, серіктестер табуға көмектесеміз. Біздің ұйымға барлық қазақстандық құрылыс холдингтері кіреді және біз барлық мемлекеттік органмен байланыстамыз», – деді Ұлттық палата басшысы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: