Райымбек Баталов әріптестерін Ұлттық палатаның 10 жылдығымен құттықтады
Қадірлі әріптестер!
Биыл – баршамыз үшін ерекше жыл. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 10 жыл толып отыр!
«Атамекен» ҰКП – отандық бизнес мәселелеріне қатысты түрлі пікір мен ұсыныс айтылатын, проблемалардың шешу жолдары қаралып, стратегиялар мен жоспарлар құрылатын кәсіпкерлерге арналған іскерлік алаң.
Палата 10 жыл бойы түрлі мемлекеттік құрылымдармен жемісті ынтымақтастық орнатып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатыр. Ел үшін өзекті міндеттерді бірлесіп шешуге ұмтыла отырып, бизнес пен билік арасында тиімді диалог құра білді.
10 жыл ішінде біз біліктілігімзді арттырып, сараптаманы күшейттік. Іскерлік ортада сенім мен беделге ие болдық. Кәсіпкерлерге сапалы қызмет көрсетіп, бизнес пен билік жұмысына құрметпен қараймыз.
Бүгінде біз жаңа экономикалық жағдайда жұмысты жалғастырып келеміз. Басты міндет – бірлікте болу, диалог жүргізу және бір-бірімізді тыңдай білу, халықтың игілігі үшін нақты қызмет ету!
Елде пандемия немесе экономикалық дағдарыс болсын, Палата шетте қалған емес. Кез келген төтенше жағдайда өңірлік кәсіпорындарға көмек қолын соза білдік.
Осы күнге дейін қандай жетістікке жетсек те, мұның бәрі «Атамекен» ұжымының – тәжірибелі және білікті сарапшылардың арқасы, бизнес алдында туындайтын мәселелерді сауатты және жедел шеше білетін мамандардың жетістігі. Алдағы уақытта Қазақстанның игілігі үшін көптеген жаңа жобаны іске асырып, үлкен жетістіктерге жететінімізге сенімдімін!
Бүгін қызметке деген адалдық, елгезектік пен ниеттестік үшін әрқайсыңызға алғыс білдіргім келеді. Жоспарланған жобаларды сәтті жүзеге асыру, қызметтегі тұрақтылық пен өркендеу үшін Сіздерге қажымас қайрат, таусылмайтын энергия, шабыт тілеймін!
Ортақ мерекеміз құтты болсын!
Құрметпен, «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов
Пікір қалдыру:
Пікірлер: