astana-view

Геологиялық барлау стратегиялық міндетке айналып келеді

2023 жылғы 13 Қыркүйек
4839 просмотров

Дереккөз: Фото: akorda.kz

Геологиялық барлау стратегиялық міндетке айналып келеді

Жаһандағы энергетикалық ауысу процесі, жоғары технологиялық өндіріске қажет металдарға сұраныстың артуы, сондай-ақ Қазақстанда әлемдік деңгейдегі жаңа кен орындарын ашу қажеттілігіне байланысты геологиялық барлау стратегиялық міндетке айналып жатыр. Бұл туралы «Аврора Минералс Груп» ЖШС бас директоры Қайсар Қожамұратов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты.

«Атамекен» ҰКП жанынан сараптамалық топ құрылды. Онда жетекшілік ететін министрліктермен геологиялық барлаудың инвестициялық тартымдылығын ынталандыру жолдары талқыланады. Қазіргі кезде Ұлттық палата мамандары Қазақстанның геологиялық саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеп жатыр.

Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, инвестициялық тартымдылық  заңнама ғана емес, сонымен қатар қазіргі геологиялық-геофизикалық деректер мен инфрақұрылымды жетілдіруді қажет етеді. Мұнда Австралия, Канада және басқа елдердің табысты тәжірибесін пайдалануға болады.

«Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша табысты әлемдік тәжірибені қабылдау пайдалы болар еді деп санаймыз. Мысалы, Австралияның тәжірибесі. Бұл ел геологиялық қызметтері инфрақұрылымды картаға түсіру және құрумен белсенді айналысады. Сонымен қатар бүкіл елді озық технологияларды қолдана отырып, аэрогеофизикалық зерттеумен қамтыды. Бұл ретте Австралия көлемі бойынша Қазақстаннан үш есе артық. Мұндай зерттеулер әлемде қатты пайдалы қазбаларды, көмірсутектерді іздеу үшін және ең бастысы Қазақстандағы стратегиялық міндеттердің бірі – суды іздеу үшін белсенді қолданылады», – деді маман.

 Сондай-ақ, спикер геологиялық барлауға инвестиция салатын ірі, шағын бірқатар шетелдік компанияның пайда болуының оң динамикасын атап өтті. Бұл компаниялардың барлығында түрлі тау-кен жұмыстарында үлкен тәжірибе бар және жақында әлемдік тәжірибені ескере отырып, ұсыныстарды шоғырландыру үшін жаңа қауымдастық құрылды.

 

Фото: akorda.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер