astana-view

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары неліктен өңдеу өнеркәсібіне инвестиция салу керегін айтты

2023 жылғы 15 Қыркүйек
5652 просмотров

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібіне баса назар аударады. Президент жолдауында жоғары қайта бөлу кластерлерін құруды тапсырды. Ал бизнес өкілдерімен кездесуде Президент металлургия, химия, машина жасау және басқа да салаларда 15 ірі жобаны құру қажеттігін атап өтті. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин қазіргі таңда өңдеу өнеркәсібінде ахуал қандай және осы салаға инвестиция салу қажет екенін айтты.

 Мұрат Амриннің айтуынша, бүгінде өңдеу өнеркәсібі саласында 20 мыңға жуық кәсіпорын бар, салада 600 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

 «Былтыр өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 21,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылдан 24%-ға жоғары көрсеткіш. Алайда, өсімге қарамастан, 2022 жылғы статистикаға сәйкес елдің ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі небәрі 13%-ды құрап отыр. Сондықтан қазіргі кезде тауарларды терең өңдеу және жергілікті қамту үлесін арттыруға назар аудару өте маңызды», – деді Мұрат Амрин.

 Металлургия, азық-түлік өндірісі, басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісі, сондай-ақ кокс және мұнай өңдеу өнімдері сияқты өңдеу өнеркәсібінің салалары экономиканың дамуына үлкен үлес қосатынын атап өткен жөн.

 «Қисынды протекционизм тұжырымдамасына көшу өңдеу өнеркәсібінің дамуына үлкен серпін береді деп ойлаймын. Мұндай тәсілге әлемнің дамыған елдері көшкен. Бұл шара шетелдік және отандық инвесторларды салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден босату, сондай-ақ офтейк - келісімшарттар жүйесін толыққанды іске қосуді көздейді», – деді спикер.

 Еске салсақ, 12 қыркүйекте Мемлекет басшысының бизнес өкілдерімен жыл сайынғы кездесуі өтті. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен ірі бизнестің алдына металлургия, химия, машина жасау және басқа да салаларда кемінде 15 ірі жобаны іске асыру міндетін қойды.

 «Еліміздің қалыптасқан ірі бизнес өкілдеріне үндеу айтқым келеді. Сіздерде қаражат, бай тәжірибе, әлімдік нарықтарда жолға қойылған іскерлік байланыс бар. Сондықтан мұндай кәсіпорындар аталған жобаларды іскер асыруға әлеуетті. Ел дамуына қаражат құюға дайындықты көрсетіңіздер», – деді Президент.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер