astana-view

Кәсіпкерлердің назарына!

2023 жылғы 20 Қыркүйек
7808 просмотров

28 қыркүйекте елордада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында бірыңғай есеп беру күні өтеді.

Құрметті кәсіпкерлер!

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – «Атамекен» ҰКП) сіздерге Бірыңғай есеп күнін елордада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында өткізу туралы хабарлайды.

Бірыңғай есеп күні – елордада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін талқылау және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу бойынша кездесу.

Бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп күнін өткізу қағидаларына (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 53 бұйрығымен бекітілген) сәйкес Бірыңғай есеп күні қыркүйектің соңғы бейсенбісінде бақылау және қадағалау органдарының, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының, бизнес субъектілерінің қатысуымен жергілікті атқарушы органдар базасында өткізіледі.

Жоспарланған іс-шараға қатысу және қосымша ақпарат алу үшін тиісті өңірлік кәсіпкерлер палатасына (қызметіңіз жүзеге асырылатын жер бойынша) немесе «Атамекен» ҰКП орталық аппаратына мына телефон арқылы хабарласуды ұсынамыз: +7 7172 919 348


Еншілес ұйымдар

Серіктестер