astana-view

Кәсіпкерлерге қор нарығы бойынша оқу өтті

2023 жылғы 25 Қыркүйек
5373 просмотров

 «Атамекен» ҰКП алаңында KASE қор нарығы арқылы бизнес үшін қаржыландыруды тарту мүмкіндігі тақырыбы бойынша кәсіпкерлерге арналған оқу өтті. Шара аралас форматта (онлайн/офлайн) өтті.

Семинарды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) бірлесіп ұйымдастырды.

Оқу шеңберінде бизнеске қор нарығы арқылы қаржыландыруды тарту мүмкіндіктері, биржада қаржыландыру және листинг рәсімдерін тарту үшін бағалы қағаздар нарығының құралдары таныстырылды. Сондай-ақ KASE өкілдері қаржыландыруды алу кезінде мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жеңілдетілген субсидиялау және кепілдік беру құралдарының мүмкіндіктерін егжей-тегжей айтып берді. Оқу семинарын KASE өкілдері жүргізді.

 Сонымен қатар онлайн режимде кәсіпкерлер өзекті сұрақтарына жауап алды. Мысалы, кәсіпкерлерді шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасы, соның ішінде ірі бизнес субъектілеріне де келешегін ескере отырып, оның қолданысын кеңейту мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ қор нарығы арқылы қаржыландыруды тартуды жоспарлайтын жобаларды оқу және сүйемелдеу мәселелері қызықтырды.

Қор нарығына қатысты презентациямен танысу және KASE өкілдерімен байланыс орнату үшін мына сілтемеге өту керек: Презентация

  

  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер