astana-view

Райымбек Баталов отандық өнеркәсіптің инвестициялық тартымды салаларын атады

2023 жылғы 26 Қыркүйек
6516 просмотров

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов шетелдік инвесторлар арасында тартымды өнеркәсіп салаларын атады. Ұлттық палата басшысы олардың ішінен тау-кен металлургия кешені, энергетика, өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика саласы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы машиналарын жасау салаларын атап өтті. Бұл ретте, нақты саланы таңдау инвесторлардың мақсаттары мен мүддесіе, сондай-ақ ағымдағы экономикалық жағдай мен нарықтағы трендтерге байланысты болады.

Райымбек Баталовтың айтуынша, бір ғана тау-кен металлургия кешенінің нарық көлемі жылына 6 трлн теңгеден асады және бұл салада «өтпелі» жобалардың зор әлеуеті бар.

«Қазіргі кезде батыс инвесторлары тарапынан Қазақстанға қызығушылығын байқап отырмыз. Олар Қазақстанды экононимикалық хаб әжне технологиялардың трансфері ретінде қарастырып жатыр. Сонымен қатар шығыстан, атап айтқанда Қытайдан белсенділік бар. Сонымен қатар ЕАЭО белсенділігін де атап өткен жөн. Бүгінгі көрме соған дәлел. Нақты жобалар барын, осы жұмыс жүрігізіліп жатқан нақты бағыт, басымдықтар барын көріп отырмыз», - деді спикер «Иннопром. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесінде.

Сонымен қатар Райымбек Баталов қазіргі кезде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы жолдауында және Президенттің Қазақстан бизнесімен кездесуінде айтқан тапсырмаларын іске асыру бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Президент жаңа экономикаық саясат бөлігінде бізге нақты басымдықтарды белгілеп берді. Мұнда әртараптандыру, инвестициялық жобаларды іске асыру, қазақстандық қамту үлесін ұлғайту мәселелері тұр. Сондықтан біз бұл мәселеге назар аударамыз. Ұлттық палата Үкімет және Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, отандық тауар өндірушілердің тізілімін қалыптастырып жатыр. Тізілім  отандық тауар өндіруші туралы толық ақпарат береді, оның ішінде қазақстандық қамту деңгейін және жер қойнауын пайдаланушылармен офтейк-келісімшарттарға қол қоюға мүмкіндік беретін механизмдерін көрсетеді», – деп толықтырды Райымбек Баталов.

 Еске салсақ, Астанада «Иннопром. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесі өтіп жатыр. Онда Қазақстан және Ресей тарапы өнеркәсіп саласындағы басым жобалар мен бағыттарды таныстырды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер