astana-view

Ақтөбелік кәсіпкерлердің 25 млрд теңгесі «үнемделді»

2023 жылғы 28 Қыркүйек
- Ақтөбе облысы
5799 просмотров

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы мамандарының айтуынша, Ұлттық палата қызметінің 10 жылында топ мәселелер тұрақты болып қалып отыр. Атап айтқанда —салық салу, жер қатынастары, мемлекеттік сатып алуға қатысу, мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне қатысты шағымдар, сондай-ақ сотта кәсіпкерлердің құқығын қорғау.

2013 жылдан бастап Өңірлік палатаға бизнес субъектілерінен 2973 өтініш келіп түсті. Соның ішінде 2200 өтініш оң шешілді, бұл жалпы көлемнен 74%-ды құрайды. Бизнес субъектілерінің құқығын бұзғаны үшін 198 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

ӨКП мамандарының соттарда маңызды жетістіктерінің қатарында өңірдің бірден 26 құрылыс компаниясының атына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың күші жойылды. Компаниялар жалпы сомасы 9 млн теңгеге жуық әкімшілік айыппұлдан босатылды. Олардың мүліктік құқығы 6,5 млрд теңгеге қорғалған. Ең бастысы – бизнестің беделі сақталды.

«Біздің компанияның екінші санатты лицензиясы бар. Бұл 5 жыл жұмыс тәжірибесін барын көрсетеді. Біз лицензиядан айырылып қалуымыз мүмкін еді. Алайда барлық мемлекеттік органдарға қызметкерлермен еңбек шарттарын көрсеттік. «Атамекен» мамандарына істі қолға алып, барлық сот процесіне қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Уақыт өте келе көптеген компанияның қызметі тұрып қалды. Біз барлығымыз адвокаттарды жалдадық, адвокат қызметі  арзан емес», – дейді «SBS Devmelopment» ЖШС өкілі Алина Айдарова.

Дауларды шешуде де оң тәжірибе қалыптасты. ӨКП алаңында да арнайы мамандандырылған экономикалық сотында да, ашық медиация кабинеттері шеңберіндегі өзара іс-қимылдың арқасында сотта 100-ден астам азаматтық іс тоқтатылды. Салық және жер заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

Жергілікті атқарушы органдармен стационарлық емес көше саудасы мәселелері бойынша жұмыс жолға қойылды. Өйткені өңірлік кәсіпкерлер палатассының ұсынысынан кейін қалада да, облыс аудандарында да орындар саны артты. Сауда орындарының саны бүгінде 250 орыннан асты.

 «Пандемия кезінде құқықтық блоктың жұмысын жеке атап өткен жөн. Осы кезеңде Палата сарапшылары 3300-ден астам өтінішті пысықтады. «Info Kazakhstan» платформасы арқылы қызметті қалпына келтіруге, Ashyq бағдарламасы бойынша Qr-cod алуға көмек көрсетілді. Жұмыс қорытындысы бойынша 5 мыңнан астам бизнес субъекті өз қызметін қайта бастады. Сондай-ақ форс-мажорлық мән-жайлардың басталуы туралы куәліктерді алу, санитариялық дәрігерлердің қаулыларын түсіндіруге көмек көрсетілді.  Жалдау ақысын төлеуден босату, несиелер бойынша кейінге қалдыруға қатысты мәселелер шешілді», – деп еске алады ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Руслан Куйшінов.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес бизнестің жүйелі және жеке мәселелерін шешудегі тиімді диалог алаңы болды. Оның қызмет еткен жылдары 105 отырыс өткізілді, 315 мәселе қаралды, оның 240-ы бойынша оң нәтижеге қол жеткізілді.

«Бір мысал келтіремін, 2020 жылдың ақпанында Алға елді мекенінде көшпелі жиын өтті. Онда шаруа қожалықтарының басшылары Алға және Хромтау аудандарының әкімдігіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді алып қою фактілері бойынша шағымданды. Мұның бәрі қалай аяқталды? Хромтау ауданының әкімдігі талап арыздарды қайтарып алды, Алға ауданының әкімдігі талап арыздарды сотқа жіберу ниетінен бас тартты. Нәтижесінде жалпы сомасы 926 миллион теңгеге 50 шаруа және фермер қожалығының мүліктік құқығы қорғалды. Ал шаруа үшін жер – басты ресурс», – деп жалғастырады Руслан Күйшінов.

Тағы бір өзекті мәселе оң шешімін тапты. «ҚазТрансГазАймақ» газбен жабдықтау ұйымы тарапынан жүздеген кәсіпкердің заңды құқығы мен мүддесіне қысым көрсетілді. Олардан жылыту маусымының алдында заңнамада көзделмеген құжаттар (өлшеу аспаптарын мемлекеттік тексеруден өткені туралы сертификаттар, газ қондырғыларына паспорт, апатты жою жөніндегі жоспарлар) сұратылды. Нәтижесінде мұның бәрі сыбайлас жемқорлық көріністеріне әкелді. Облыс прокуратурасы және бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментімен бірлесіп, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ  атына коммуналдық-тұрмыстық газды тұтынушылардың заңды құқығын бұзуды жою және оларға қысым жасауды тоқтату туралы хабарлама шығаруға қол жеткізілді. Мұндай жағдайда 351 кәсіпкер болды.

«Облыс кәсіпкерлерінің құқығы мен заңды мүддесін қорғаудың барлық бағыты бойынша Палата қадағалау және құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ Ұлттық палатаның «бизнесті қорғаудың экожүйесі»шеңберінде жалғасып жатыр. Осы жылдың басынан бастап «Атамекенге» кәсіпкерлерден 373 өтініш келіп түсті, соның ішінде бизнесті және әкімшілік кедергілерді қорғау желісі бойынша – 101 өтініш. 48 мәселе оң шешілді. 7 млрд теңгеден астам сомаға 42 кәсіпкердің мүліктік құқығы қорғалды»,–  деп түйіндеді Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының өкілі.

Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) қорғаудың барлық мәселелері бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына мына телефондар арқылы хабарласуды сұраймыз:  +7 (7132) 744-607, колл-орталық: 1432.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер