astana-view

Автомобиль жолдары комитеті кәсіпкерлердің демпингтің шегін 3%-ға төмендету ұсынысын қолдады – Ұлттық палата

2023 жылғы 29 Қыркүйек
6658 просмотров

Уәкілетті орган демпингтің шекті мәнін 5%-дан 3%-ға дейін төмендету және квазимемлекеттік сектордың сатып алуында келісімшарттың орындалуын қамтамасыз ету түрінде сақтандыру келісімшартын енгізуге қатысты кәсіпкерлердің бастамасын қолдады.

Осы мәселеге қатысты кәсіпкерлер мен көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин кезекті кездесуі өтті.

Бұған дейін бизнес-қоғамдастық өкілдері демпингті қолдану есебінен жұмыстардың құнын жасанды түрде төмендетудің түйткілді мәселелері, мердігердің пайдаға шығу мүмкін емесігі, құрылыс жобаларын іске асыру кезінде қосымша шығындарға қаражат іздеу қажеттілігі және тұтастай алғанда компанияны дамыту мәселесін бірнеше рет көтерген болатын.

Құрылыс компаниялары жоғарыда аталған мәселелерден бөлек келісімшарттар мен аванстарды орындауға банктік кепілдіктер алуға көп қаражат жұмсайды. Бұл шарттар  физикалық тұрғыдан тұрып қалады қалады, оларды мердігер пайдаланбайды.

«Мердігер міндеттерін орындаған кезде бұл қаражат инфляция салдарына құнын жоғалтады. Бұл қаражат уақытылы берілгенде мердігер оны объекті салу, техникамен жабдықты жаңарту, компаниясын дамытуға жұмсар еді. Кәсіпкерлердің пікірінше, жол құрылысы саласындағы демпинг мөлшерін азайту және келісімшарттың орындалуын қамтамасыз ету және квазимемлекеттік сектордың сатып алуында аванс түрінде сақтандыру келісімшартын қайтару аталған проблемаларды шешуге ықпал етеді», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Құрылыс және жер қатынастары департаментінің 1-санатты сарапшысы Фатима Қалтаева.

Талқылау барысында квазимемлекеттік сектордың сатып алуында аванстың орындалуын қамтамасыз ету түрінде сақтандыру шартын қолдану бойынша мәселеде келісім жасалды. Атап айтқанда, Комитеттің бұрын іске асырылған немесе қолданыстағы келісімшарттар бойынша туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша талдау жүргізу және бизнестің ұсыныстарын қайта талқылау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 

Жақын арада демпингті төмендету және келісімшарттың орындалуын қамтамасыз ету түрінде сақтандыру келісімшартын қолдану бөлігінде заңнамаға тиісті өзгерістер енгізіледі деп күтілуде.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер