Машина жасау және металл өңдеу саласындағы критерийлер өзгерді
«Атамекен» ҰКП Қазақстан машина жасаушылар одағымен бірлесіп, машина жасау және металл өңдеу саласындағы өндірістің жай-күйіне талдау жүргізу үшін салалық өлшемшарттарды өзектендіру бойынша жұмыс жүргізді. Бұл жұмыс отандық тауар, жұмыс және қызмет өндірушілерінің тізіліміне енгізу үшін қолға алынған. Құжаттың жаңа редакциясы «Атамекен» ҰКП Машина жасау және металл өңдеу комитеті және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен келісілді.
Құжатқа түзету енгізу отандық машина жасау кәсіпорындарының Индустриялық сертификат алу рәсімінде сапа деңгейінің жоғарылауына байланысты туындады.
«Атамекен» ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Айбек Қажкенов хабарлағандай, бұған дейін қолданыста болған редакцияда сәйкестікті бағалауды Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген сәйкестікті растау жөніндегі орган ғана берген.
«Сала кәсіпорындарының ақпараты бойынша, кейбір жағдайда бұл жайт қызметтердің қымбаттауына және сараптама алудың ұзақтығына әкелді. Осыған байланысты біз жаңа редакцияға аккредиттелген зертхана жүргізген үлгілерді зертханалық сынау хаттамасын қоса бере отырып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органдар берген сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды ұсыну мүмкіндігін енгіздік», – деді Айбек Қажкенов.
Қазақстан машина жасаушылар одағы атқарушы дирекциясының директоры Өмірсерік Ержанов сала кәсіпорындарымен талқылау нәтижесінде өлшемшарттарға төрт белгі деңгейінде СЭҚ ТН кодтарының 34 позициясынан тұратын тауарлар тізбесі енгізілгенін атап өтті. Олар бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органдары берген сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды ұсынуға жол беріледі.
Бұдан басқа өндірістің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде қолда жоқ, бірақ бұрын осы кәсіпорын өндірген мәлімделген тауар өндірісінің жай-күйіне талдау жүргізуді көздейтін норма енгізілді. Бұл талап бір сипаттағы өнім өндіретін кәсіпорындарға 3-4 жылда бір рет өткізілетін сатып алуға қатысуға мүмкіндік береді.
Жаңа салалық талаптар кәсіпорынның жеке зертханалық базасы болмаған кезде үлгілерді зертханалық сынау жүргізу шартын және үлгілерді зертханалық зерттеу жүргізу хаттамаларының көшірмелерін ұсына отырып, үшінші тарап компанияларына зертханалық сынақтарды орындауға мүмкіндік береді.
Салалық критерийлермен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: