astana-view

Қазақстанда ENGINE жобасы жақсы нәтижемен аяқталды

2023 жылғы 04 Қазан
5539 просмотров

Еуропалық одақ қаржыландыратын «ENGINE» «Қазақстан мен Өзбекстандағы инжинирингтік компанияларға қызмет көрсететін салалық қауымдастықтардың әлеуетін арттыру» халықаралық жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасында құрылыс саласының инженерлерін сертификаттауды ілгерілетуге қатысты қорытынды пікірталас өтті.

Кездесуге ҚР Өнерәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, «CLEANTECHLATVIA» таза технологиялар кластері (Латвия), «Атамекен» ҰКП, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ, құрылыс саласы қауымдастықтары және «Қазақстан су арнасы» ҚР сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері қатысты. Сондай-ақ кездесуге Латвия Республикасының ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісі Ирина Мангале және Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің бағдарламалық менеджері Юрий Скаскевич қатысты.  

 Қазақстан тарапынан жоба серіктесі ретінде «Қазақстан су арнасы» ҚР сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары қауымдастығы белгіленді. Қауымдастық «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Құрылыс және ТКШ комитетіне мүше.

 Жобаның негізгі мақсаты – инженерлік саланың беделін көтеру және мамандарының біліктілігін арттыру, халықаралық сарапшылардың дәлелденген практикалық тәжірибесін қабылдау, еуропалық стандарттардың жоғары сапасын беруге ықпал ету, әйелдер мен жастарды нақты білім мен дағдыларды игеруге тарту арқылы гендерлік теңдікті ілгерілету. Ол үшін Қазақстан мен Өзбекстандағы салалық қауымдастықтар мен инжинирингтік компанияларға ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру көзделген.

Жоба аясында тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар өткізілді, Қазақстан және Өзбекстан қауымдастықтарының өкілдерімен тығыз ынтымақтастық орнатылып, еуропалық сарапшылардың қатысуымен оқу курстары мен сертификаттау бағдарламасы әзірленді.

Жетекші серіктестің өкілі – «CLEANTECH Latvia» атқарушы директоры Эвия Пудане кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстанда жобаны іске асырудың алдын ала қорытындысы, ENGINE жобасының Еуропалық одақ жүргізген аудитінің қорытындылары туралы ақпаратты бөлісті.

 «Аудит нәтижесі бойынша Қазақстан құрылыс саласының түрлі бағыттарындағы мамандардың сала проблемаларына тартылуының жақсы деңгейін көрсетті. Гендерлік тепе-теңдік, ENGINE жобасының іс-шараларына қатысатын ұйымдардың өсуі мен дамуының жеке дағдылары мен мүмкіндіктері үшін жоғары нәтижелілік бар», – деп атап өтті Эвия Пудане.

 Спикер жобағы барлығы шағын және орта бизнестің 774 өкілі мен 27 халықаралық сарапшы қатысқанын айтты. Сонымен қатар жобаның 5 халықаралық ұйым және 30 қауымдастықпен (Қазақстанда 18) ынтымақтастығы жолға қойылып, сертификаттау және инженерлердің біліктілігін арттыру мәселелері бойынша Латвияға 1 оқу туры ұйымдастырылды.

 Жоба шеңберінде нарықты талдау және оқу мен сертификаттау жүйесіне қойылатын талаптар бойынша 2 зерттеу жүргізілді. Зерттеулерге 122 ұйым және микро және шағын кәсіпкерліктің 50-ден астам субъекті қосылды. 5 оқу бағдарламасы әзірленіп, Өзбекстанда бес және Қазақстанда төрт оқу курсы өткізілді.

 Қазақстан атынан серіктестің өкілі – «Қазақстан су арнасы» ҚР сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары қауымдастығының президенті Валерий Сюндюков

 ENGINE жобасы шеңберінде өткен іс-шаралар (семинарлар, біліктілікті арттыру курстары, жұмыс топтарының жиындары мен форумдар), құрылыс саласының оқуға қатысқан мамандарының саны туралы айтты. «Шағын, орта бизнестің сумен жабдықтау және су бұру бөлумен экономиканың су секторының проблемаларын шешуге қатысуы және қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбындағы маркетингтік зерттеулердің нәтижесін бөлісті.

 «Осы жоба шеңберінде біз құрылыс саласының инженерлерін сертификаттау бойынша материалдарды әзірледік. Бұл материалдар жоба аяқталғаннан кейін құрылыс саласының басқа қауымдастықтарына өтеусіз негізде беріліп, «Атамекен» ҰКП өңірлік палаталары арқылы таратылатын болады. Сондай-ақ, жобаны іске асыру жоба материалдары негізінде біліктілікті арттыру курстарын өткізу үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді. ENGINE жобасының серіктестері – «SMART-маман» ЖШС және «BIMConsult» ЖШС оқу орталықтарының базасында  барлығы 565 адамды оқып шықты», – деді Валерий Сюндюков.

 «BIMConsult» ЖШС директоры Дәурен Тоқмағамбетов кездесуде BIM[1] софт туралы презентацияны таныстырып, ENGINE жобасы бойынша әзірленген құрылыс индустриясының сәулетшілері мен инженерлерін оқытуға арналған жеке онлайн курстар туралы айтты (http://Www.qazbim.kz).

 «Сараптамалық ұйымдар палатасы» аккредиттелген сараптамалық ұйымдардың кәсіптік бірлестігінің төрағасы Бірлік Ережепов құрылыс жобаларын сараптау саласында өзін-өзі реттеуді енгізу туралы ақпаратты бөлісті. Ағымдағы жағдай, түйткілді мәселелер, мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру керегін, ENGINE жобасы шеңберінде басталған сертификаттау жөніндегі қызметті жалғастыруға ниетті екенін айтты.

 «Атамекен» ҰКП өкілі Данияр Жұматаев «Кәсіптік біліктілікті тану жүйесіндегі «Атамекен» ҰКП рөлі» атты баяндамасын ұсынды, кәсіптік біліктілікті ерікті түрде тану тәртібі туралы айтты.

Уәкілетті органнан Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков «Құрылыс саласының инженерлерін сертификаттау» тақырыбында баяндама жасады.

  Презентация барысынба баяндамашы Қазақстанда инженерлер мен жобалаушыларды сертификаттаудың ұсынылған тетігі, оларға қойылатын біліктілік талаптары туралы айтты. Әрбір құрылыс монтадау жұмыстары, жобалық құжаттама, инжинирингтік қызметтер мен сараптамалық жұмыстар  үшін салыстырмалы тізбелердің жобаларын таныстырып, құрылыс саласы мамандарын сертификаттауды енгізуден күтілетін әсер туралы айтты.

 Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар ENGINE жобасының жоспарлы аяқталуына қарамастан, қатысушылардың арасындағы одан әрі ынтымақтастығын жалғастыру қажет екенін бірауыздан келісті. Сонымен қатар, Қазақстан өкілдері Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің бағдарламалық менеджері Юрий Скаскевичке жоба қатысушыларының латвиялық сарапшылармен одан әрі өзара іс-қимылын қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру туралы өтінішпен жүгінді.

 «Қорытындылай келе, Қазақстандағы ENGINE жобасы табысты нәтижелер және орындалған көрсеткіштермен (KPI) аяқталатынын атап өткен жөн. Сонымен қатар, жоба құрылыс саласын аттестаттаудан құрылыс саласының инженерлерін сертификаттауға көшіру жөніндегі қызметті бастады. Сондай-ақ, жобаның жетістігі сала мамандары үшін республикада белгілі оқу орталықтарына берілген еуропалық сападағы оқу бағдарламалары мен курстарының пайда болуы деп мақтанышпен айтуға болады. Жобаның әлеуметтік жетістігі сертификаттау жөніндегі жұмыс тобының «Салалық кеңестердің кәсіби біліктілігі туралы» ҚР Заңы шеңберінде құрылатын коммуникациялардың үлгісі ретінде табысты қызметі болды», – деп атап өтті Валерий Сюндюков.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер