astana-view

ДСМ медициналық қызметтерді сатып алу қағидаларының даулы жобасын қайта қарады – Ұлттық палата

2023 жылғы 06 Қазан
9039 просмотров

Денсаулық сақтау министрлігі Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі/ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қызметтерді сатып алуға рұқсат беру үшін медициналық орталықтарға кемінде 10 000 адам тіркеу бойынша талаптан бас тартты. Бұған дейін медицина саласындағы бизнес өкілдері бұл талапты әсіресе шағын қалалар мен моноқалаларда орындау мүмкін еместігін айтып, жаңашылдыққа қарсы шықты.

 Бұдан басқа тіркелген халық саны 30 000 адамнан асатын медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдары үшін ғана клиникалық-диагностикалық қызметтер көрсетуге қаражат көлемін беру шегін сақтау туралы шешім қабылданды. Бұл шара медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін шағын орталықтарға клиникалық-диагностикалық бөлім ашпай-ақ жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 Осы ретте күндізгі стационарлар қызметін сатып алуға рұқсат мәселесі шешілмей тұр.

 «Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпкерлердің жағдайын түсініп, қолдау бергеніне қуаныштымыз. Алайда күндізгі стационарларға қатысты мәселе шешілмей тұр. Стационарлар тіркелген халық болмаса, пациенттерді қабылдай алмайды. Біз бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын қабылдап, өзара тиімді шарттарда шешуді сұраймыз», – деді «Атамекен» ҰКП медициналық қызметтер департаментінің директоры Назгүл Қабдрахманова.

Бұған дейін «Атамекен» ҰКП мамандары жаңа нормалар халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігіне тікелей әсер етуі мүмкін екенін және жеке денсаулық сақтау секторын дамытуға елеулі кедергілер жайсайтынына қатысты мәселені бірнеше рет көтерді.

 «Атамекен» ҰКП ұсынылып жатқан жаңа нормалардың салдары жайында әзірлеушіні ақпараттандыру мақсатында бұл мәселені барлық деңгейге көтерді. Осы жылдың тамызында бұл мәселе ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен өткен Бизнестің түйткілді мәселелері жөніндегі кеңесте қаралды.

 Ұлттық палата мәселені Денсаулық сақтау министрлігімен пысықтап, қызметтерді сатып алу қағидаларына жаңа талаптар қабылданса, 400-ге жуық медициналық орталық жабылып, азаматтар  білікті медициналық көмекке қадамдық қолжетімділіктен айырылып қалу ықтималдығын дәлелдеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер