astana-view

Елордалық кәсіпкерлер палатасында отандық тауар өндірушілердің «Жайлы мектеп» жобасына қатысу мәселесі талқыланды

2023 жылғы 10 Қазан
- Астана қаласы
4455 просмотров

Елорданың бизнес-қоғамдастығы Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркеновпен кездесті. Онда«Жайлы мектеп»  ұлттық жобасына отандық тауар өндірушілердің қатысуы және жобаны  іске асыру шеңберінде жергілікті қамту үлесін ұлғайту мәселелері қаралды.

 Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев кездесуді аша отырып, елордалық палата отандық тауар өндірушілердің тізілімін қалыптастырғанын, оған 120-дан астам компания кіргенін айтты. Осы өндірушілер жайлы мектептердің құрылысына тартылады.

 «Бұл тізілім тұрақты негізде жаңартылып, толықтырылатын болады. Қазір қазақстандық компанияларға осы жобаға қатысып, қолда бар әлеуетті іске асыру үшін барынша қолдау көрсету қажет. Ал бұл құрылыстың жалпы көлемінің кемінде 90%-ды құрайды», – деді ол кездесуде.

 Бейсен Жолболдиевтің айтуынша, Палата жобаны іске асыру шеңберінде тауар өндірушілермен бірқатар кездесу ұйымдастырды. Соның ішінде «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ және «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен кездесулер, сондай-ақ қажетті құрылыс материалдар, жабдықтар мен жиһаздарды отандық өндірушілердің екі көрмесін ұйымдастырды. 

 Жобаның құрылысшылары Астанада өндірілмейтін позициялар бар екенін атап өтті. Бұл, мысалы, мультимедиялық және басқа жабдық.

«Бізде негізінен өндірілмейтін өнімдерден басқа ӨТО тізіміндегі материалдар бар. Оның бәрі тапсырыс берушімен келісілген. Астана қаласы бойынша бізде алты нысан бар, қазір біз жобалауды аяқтадық», - деді «BiGlobal» ЖШС басқарма директоры Диас Әділханов.

Оолардың компаниясында «Жайлы мектеп» жобасындағы жергілікті қамту үлесі 70%-ды құрайды.

 Бейсен Жолболдиев егер тауар Астанада шығарылмаса, онда бұл тауар басқа өңірлерде шығарылатынын айтты.

 «Құрылысшылар елде қандай тауар өндірілетінін білмей жататынын түсінеміз. Қазақстанда жалпы тізілім бар. Қандай да бір материал шығарылмаса, ол басқа өңірлерде болады», – деді Палата директоры.

 Ол отандық өндірушілердің жоспарлы жұмысы үшін олармен оффтейк-келісімшарттар жасасу қажет деген пікір білдірді. Бұл шара оларға өндіріс жүктемесін біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

 Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов отандық қамтудың 70% үлесі төмен көрсеткіш екенін атап өтті.

 «70 пайыз аздау. Бізде басқа жобалардағы пайыз анағұрлым жоғары. Сіздерге тапсырыс беруші ретінде белсенді болу керек, нақты позиция болуы керек. Жобалаушылармен жұмыс істеп, жоба құрамын қараған жөн. Қазақстанда өндіруге болатын барлық материалды пайдалану керек. Логистикалық және санкциялық тәуекелдерді мүмкіндігінше алып тастап, өндірушімізге сенуіміз керек», – деді Нұрлан Нұркенов.

 Астана өндірушілері жобаға қатысу жөнінде өз ұсыныстарын білдірді. «Фирма Алкон+» ЖШС бас директоры Аман Аюпов барлық 24 мектеп бойынша терезе және есік конструкцияларын біріздендіру қажет екенін атап өтті.

«Мен бұл мәселені өткен жылы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ алаңында көтердім – терезелерді бірдей салу керек. 24 мектеп Ішкі орналасуы, түсі, қасбеті бойынша түрлі болса да, бірақ терезелер стандартты болуы керек. Бізде осылай болады: біз объектіге келеміз және әр терезені өлшейміз, жеке – жеке жасаймыз. Сондықтан бұл өте маңызды сұрақ. Осы бағытта үнемдеуге болар еді», – деді кәсіпкер.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ өңірлік директоры Эдуард Қуанышев барлық өлшем сараптама нормалары бойынша есептеліп, салынғанына сендірді.

«Лифтшілер одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Алексей Гесс жобаға қатысушы өндірушілер өзі өндіретін өнімді қашан және қандай көлемде жеткізу қажеттігін алдын ала білгісі келетінін атап өтті.

 «Біз қуаттылықты пысықтауымыз керек, қандай уақыт кезеңінде қандай көлем пайда болатынын, қандай жүктеме болатыны – біз үшін де өте маңызды. Сондықтан, егер қазір жүктеу объектілері туралы түсінік беретін оффтейк келісімшарттарын немесе баламасын – келісімдерді пысықтау мүмкіндігі болса, жақсы», – деп атап өтті Алексей Гесс. 

 Астана қаласы уәсіпкерлер палатасының «Құрылыс және жер қатынастары» салалық кеңесі төрағасының орынбасары Сергей Лазарев құрылыс салушыларды мемлекеттік бағдарламаны іске асырудағы үзілістерді болдырмау үшін көлемдерді жоспарлау, сондай-ақ осы жоба шеңберінде мәлімделген жоспарға сәйкес келетін тауарлардың сапасы мәселесі де толғандыратынын айтты.

Кездесуді қорытындылай келе, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов жобаның барлық қатысушысы қазақстандық нарық және қазақстандық өндірушілерді қалай қорғау керегінн ойластыруы қажет екенін атап өтті.

 «Барлық мердігермен «Жайлы мектеп» жобасында ғана жұмыс істемейтінімізді айтқым келеді. Біз көптеген жобаны жүргізіп жатырмыз: азаматтық құрылыс та, инфрақұрылымдық жобалар да, коммерциялық әзірлеушілермен де тығыз жұмыс істейміз. Мемлекет құрылыс салушыларды таңдауға қалай қарайды – жағдайлардың басым көпшілігінде жергілікті құрылыс салушыларға артықшылық бере отырып, кейбір халықаралық әріптестер сияқты барлық құрылыс салушының үлкен тәжірибесі болмауы мүмкін екенін түсінеді. Дегенмен басымдық жергілікті құрылыс салушыларға жасалады. Міне, әріптестер, жобаларды жүзеге асыру кезінде жергілікті өндірушілерге артықшылық беріңіз. Егер біз өз өндірушілерімізді қолдамасақ,  олар ешқашан дамымайды»,– деп түйіндеді Нұрлан Нұркенов.

Еске салсақ, «Жайлы мектеп» жобасын қаржыландырудың жалпы сомасы 208,7 млрд теңгені құрайды, оның 40%-ы құрылыс материалдары, жиһаздар мен жабдықтарды сатып алуға бағытталады.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер