astana-view

Президенттің отандық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмасы жайлы мектептерді салу кезінде ескерілмей жатыр

2023 жылғы 17 Қазан
7470 просмотров

Мемлекет басшысының отандық өнеркәсіпті дамыту және жергілікті өндірушілерді қолдау жөніндегі тапсырмалары жайлы мектептерді салу процесінде орындалмай жатыр.

Отандық бизнестің жайлы мектептерді салуға зор ынтасы бар. Кәсіпкерлер үшін бұл жаңа жұмыс орындарын құру, өндірісті кеңейту және жаңартуда әлеуетті кеңейту мүмкіндігі. Ал мемлекет үшін бюджетке салық түседі.

 Мемлекет басшысы өзінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында жергілікті кәсіпорындардың дамуына ықпал ету және оларға ірі мемлекеттік тапсырыстарда басымдықты қамтамасыз ете отырып, отандық тауарлар өндірісінің көлемін ұлғайту қажеттігін айқын атап өтті.

 Бұл тапсырмалар «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаға өзгерістер енгізу жөніндегі Үкімет қаулысының жобасында көрініс табуы тиіс еді. Алайда жайлы мектептерді салуда бұл тапсырмалар ескерілмей жатыр.

 Нақты тапсырмаларға қарамастан отандық кәсіпкерлер бірқатар кедергіге тап болды. Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларында көрсетілген бизнес үшін маңызды шараларды қабылдауға асығар емес.

 Бұл ретте 2023 жылғы 16 қазандағы жағдай бойынша 198 жайлы мектеп бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ және бас мердігерлер (консорциумдар лидерлері) арасында ЕРС-келісімшарттарына қол қойылды.

 Ал кәсіпкерлердің қолында отандық өнім қалай сатып алынатыны жайында кепілдік, нақты алгоритм әлі күнге дейін жоқ.

 Мысалы, жиһаз өндірушілер  жиһаз өніміне нақты сипаттаманың болмауына қатысты қиындыққа тап болған. Бұл техникалық сипаттамаларды ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекітуі тиіс.

 Анықатама: 2025 жылға дейін 369 мектепті жабдықтау үшін жиһаз өнімдерінің 1,5 млн аса бірлігі (парталар, орындықтар, мұғалімдерге арналған үстелдер, шкафтар, тумбалар, креслолар және т.б.) керек. 

Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдіктерінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жайлы мектептер құрылысына жетекшілік ететін, отандық жиһаз тауар өндірушілерінің мүмкіндіктерін айқындау жөніндегі комиссиялар құрылды. Бұл комиссияларға өңір әкімінің орынбасарының төрағалық етеді.

Түсініксіз критерийлер бойынша жиһаз өндіретін 134 компания іріктелген. Олардың жартысында тиісті сертификаты жоқ. Бұл жайт «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының талаптарына қайшы келеді. ы

Жергілікті жерлерде жұмыс істеу тәжірибесі көрсеткендей, комиссиялардың жұмысы  ұсынымдық сипатта болады. Комиссиялар отандық өндірушілерде өндірістің болуы және өңірдегі кәсіпорынның тиісті қуатын анықтау мақсатында құрылды.

Бұл ретте Комиссия мүшелерінің кәсіпорындардың өндірістік қуатын айқындау үшін құзыреті болмайды.

 Сонымен қатар әкімдіктер тарапынан компанияларды аралау әкімдік тарапынан таңдаулы жүргізіледі. Бұл шара бәсекелестік нормаларына қайшы келеді.

 Бұл ретте жиһаз өнімдерін өндірушілер жиһаз өнімдерін таңдау бойынша бірыңғай тәсілдер мен алгоритмдерді әзірлеу туралы ұсыныстарды бірнеше рет көтерді.

 Жиһаз өндірушілер тұтынушыларға жоғары сапалы өнім ұсынуға тырысып жатыр. Бірақ ол үшін кәсіпкерлерге нақты және міндетті техникалық стандарттар қажет. Бұл стандарттар жиһаз бұйымдарының қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ өнеркәсіптің дамуына ықпал ететін еді.

Осындай белгісіздік заманауи білім беру мекемелерін құруға қаражат пен ресурстарды салуға дайын бизнес үшін елеулі қиындықтар туғызады.

 Отандық өндірушілерді қолдау және оларға жайлы мектептер салу сияқты стратегиялық жобаларға қатысуға мүмкіндік беру – Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізудің негізгі элементі. Алайда, Президенттің тапсырмаларын орындамау бизнестің сеніміне нұқсан және отандық өнеркәсіптің дамуына кедергі келтіруі мүмкін.

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер