astana-view

«Атамекен» ҰКП мамандары  мемлекеттік органдарда бюрократиядан арылуды жеделдетуге шақырды

2023 жылғы 18 Қазан
5003 просмотров

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және бюрократиядан шығару мәселелері жөніндегі кеңес беру-сараптамалық тобының отырысында қызметтің аралық қорытындысы шығарылды. Шараға мемлекеттік органдар, Азаматтарға арналған үкімет және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ лауазымды тұлғалары қатысты. Дебюрократизация бойынша жұмысқа барлығы 200-ден астам сарапшы, оның ішінде «Атамекен» ҰКП мен бизнес-қоғамдастық өкілдері жұмылдырылған.

 Үкімет қарауына 350-ден аса ұсыныс жолданды.

 Шешімін тапқан кейстер де бар. Мысалы, бұған дейін облыстық басқармалардың басшылары әкім орынбасарының қолынсыз орталық органдарға жүгіне алмаған. Енді бұл кедергі алынып тасталды. Енді 17 мемлекеттік қызметті алу үшін инстанцияларға барудың қажеті жоқ. Қызметтер  онлайн режимінде қол жетімді; артық комиссиялар жойылды.

 Бұл ретте кейбір мемлекеттік органдар жылдам өзгерістерге дайын емес, ұсыныстардың бір бөлігі қабылданбайды немесе ұзақ уақыт іске асырылатынын атап өту керек. Кеңес беру-сараптамалық топтың мүшесі, ҰКП төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров  бюрократизациядан құтылуды кейінге қалдырмауға шақырды.

 «Агенттік маңызды шаруаны жүргізіп жатыр. Сарапшылар бизнестің мемлекеттік органдарға жолдаған өтініштерін зерделеп, талдап, қажетсіз рәсімдер мен кедергілерді жою бойынша ұсыныстар пакетін дайындады. Алайда, жекелеген мемлекеттік органдар мен шенеуніктер бюрократиязациядан шығу бойынша жұмыста бюрократия жасап отыр. Мысалы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі әзірленген ұсыныстарды 2024 жылдың бірінші тоқсанында талқылауды ұсынды. Қазір мұнда мемлекеттік органдардың жауапты лауазымды тұлғалары қатысып отыр. Артық әуре-сарсаң мен бюрократияны жою өте маңызды. Бұл жұмыста ең алдымен ведомстволық мүддені емес, азаматтарымыз бен кәсіпкерлеріміз үшін қалыпты жағдай жасауды ойлайық», – деді Ербол Өстеміров.

 Айта кетейік, топ жұмысы барысында ҰКП сарапшылары бірнеше мәселеге бастамашы болды. Олардың бірі жер учаскелерін онлайн алуға қатысты. Бұл қызмет қазан айында 88 қалаға қол жетімді болды. Алайда, Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры деп аталатын жүйе қателіктермен жұмыс істейді және елеулі пысықтауды талап етеді. Мысалы, қалалардың бас жоспарлары мен егжей-тегжей жоспарлау жоспарлары бойынша деректер жоқ. Кадастрлық картада көше атаулары, бос жерлер және басқалар ретінде көрсетілген.

  Жиында Ербол Өстеміров бас дәрігердің еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарына қол қою қажеттілігі сияқты артық процедураны атап өтті. Бұл анықтамаға дәрігердің өзі қол қояды. Мұндай, бір қарағанда, ұсақ-түйек шаруа қарапайым азаматтардың да, бас дәрігерлердің де уақытын алады. Бас дәігерлер өзінің функциялық жүктемесіне байланысты әр құжатқа қол қоя бере алмайды.

 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі Дархан Жазықбай мемлекеттік аппаратты трансформациялау қажеттігін атап өтті.

«Біз өзгеруіміз керек. Азаматтардың құжаттарды кедергісіз алуы, жасанды кедергісіз жұмыс істеуі үшін адамдар үшін жұмыс істеуіміз керек», – деді ол.

Жиын қорытындысы бойынша сарапшылардың шұғыл енгізуді талап ететін ұсыныстарын жұмысқа қабылдау ұсынылды. Мемлекеттік органдардың жұмысы бюрократияға батпай, заман талабына сәйкес келуі тиіс.

 Еске салсақ, 2022 жылдың сәуірінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан шығару туралы жарлыққа қол қойды. Ол өз сөзінде бюрократия реформаларды сапасыз жүзеге асырудың басты себептерінің бірі екенін атап өтті. «Есеп үшін есеп беру және бақылау үшін бақылау жүргізу өткенге айналуы керек», – деді Мемлекет басшысы.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер