astana-view

Ұлттық палата Қытаймен ынтымақтастықты нығайтады

2023 жылғы 20 Қазан
6622 просмотров

«Атамекен» ҰКП басшысы Райымбек Баталов қазақстандық делегация құрамында Бейжіңде өткен «Бір белдеу – бір жол» саммитіне қатысты. Халықаралық шара көлік пен логистикаға байланысты көптеген инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға серпін беруге арналған.

Форум «Бір белдеу – бір жол» бастамасының 10 жылдығына арналған басты оқиға және жоғары тиімді ынтымақтастықты талқылауда тараптарды біріктіретін маңызды платформа болды. Форум әлемнің 130-дан астам елінен әлемдік клидерлер, бизнес өкілдерін, сарапшыларды жинады.

 Сапар барысында Райымбек Баталов Шеньженьге барып, ірі компаниялардың басшылығымен кездесті. Шэньчжэнь ақпараттық технологиялардың әлемдегі озық орталықтарының қатарына кіреді. Бұл қалада телекоммуникациялық жабдықтар, ұялы телефондар, компьютерлер және олардың құрамдас бөліктері, тұрмыстық электротехника, тоқыма, тігін және басқа да өнеркәсіп түрлері белсенді дамып келеді. Өңір шетел капиталын тарту бойынша ел қалалары арасында үшінші орын алады. Инвестиция тарту, бизнес жүргізу мәдениеті үшін «қақпа» саналады.

 Сапар аясында Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Шэньжэнь кәсіпкерлер федерациясы арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Тараптар халықаралық сауда және инвестициялар бойынша ақпарат, сараптамалық біліммен алмасуға, инвестициялауды ынталандыру және Қазақстан мен Қытай нарықтарына қолжетімділікті жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеуге уағдаласты.

«Қытай кейінгі он жылда қарқынды дамып, көп бағыт бойынша дамыған елдерде озып кетті. Біз үшін оқу, тәжірибе, технология, инвестиция алу және ұлттық мүддемізді ұмытпау маңызды», – дейді ҰКП мамандары.

«Атамекен» ҰКП сауда кедергілерін жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Оның мақсаты – ынтымақтастықты өзара тиімді ету. Мысалы, аграрлық салада заманауи технологияларды енгізу маңызды. Қытай бұған қол жеткізді. Қазақстандық фермерлер үшін су үнемдейтін технологиялар, жабдықтар маңызды. Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін, өткізу нарықтарын дамыту міндеті тұр.

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-тамызда 19 млрд доллары құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6%-ға жоғары (15,5 млрд доллар). 2022 жылы Қытайдың Қазақстанға салған инвестициясы 23 млрд долларды құрады. Бұл көрсеткіштер артады, деп санайды ҰКП мамандары.

2023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстаннан Қытайға экспорт 2,2%-ға өсіп, 9,0 млрд долларды құрады. Сарапшылар Қытайға экспорттың өсуін мыс кендері мен концентраттары, уран, бидай, арпа, өңделмеген мырыш және т. б. сияқты тауарларды жеткізудің ұлғаюымен негіздейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер