astana-view

БҰҰДБ директоры Ұлттық палатаның әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі жобаларын «революциялық» бастама деп атады.

2023 жылғы 23 Қазан
5963 просмотров

БҰҰДБ  гендерлік теңдік жөніндегі жаһандық директоры Ракель Лагунас «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбековпен екі ұйым ынтымақтастығының табысты тәжірибесін талқылады.

 БҰҰДБ директорының гендерлік теңдік мәселелері бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдерімен кездесуі оның Қазақстанға жұмыс сапары аясында өтті. Қатысушылар әйелдер кәсіпкерлігін ілгерілету мәселелерін талқылады, қазақстандық тарап Нью-Йорктегі әріптестеріне Ұлттық палатаны осы салада дамыту жоспарларын, сондай-ақ ынтымақтастықтың ықтимал аспектілерін айтты.

 Тимур Нақыпбеков делегацияға Ұлттық палатаның әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, елде генерлік теңдікті дамытуға арналған жобаларын таныстырды.

«Біз «Мен – кәсіпкер» құралын іске асырып жатырмыз. Құрал екі бағытта жүзеге асырылады. Біріншісі, «Кәсіпке бағыт»  – ШОБ субъектілері үшін кәсіпкерлік әлеуетті арттыру үшін біліктілік мен кәсіптік оқуды қамтиды. Оқу облыс орталықтары, республикалық маңызы бар қалалар және Астанада өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы онлайн және офлайн форматта өтеді. Екінші бағыт – кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге арналған қызметтерді қамтитын әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары», – деді басқарма төрағасының орынбасары.

 «Атамекен» ҰКП деректері бойынша жыл басынан Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары 9 589 қыз-келіншекте 9 643 қызмет пен кеңес берді. 6,6 мыңнан астам әйел кеңес алды, 1,6 мыңнан астам әйел кәсіптік және бизнес-оқуға қатысты.

«Бұл ретте, әйелдер үй шаруасына кедергі келтірмей, балаларына көңіл бөле алуы үшін оқу 4 сағаттан аспайды. Бұл бастамалар жақсы көмек. Қыз-келіншектер біздің тарапымыздан нақты қолдау мен қамқорлықты сезінеді», – деп толықтырды «Атамекен» ҰКП Республикалық конкурстарды ұйымдастыру департаментінің директоры Салтанат Әбдікәрімова.

Бұдан басқа, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы «Бір ауыл – бір өнім» жобасын іске асырып жатыр. Оған 519 кәсіпорын қатысты. «Бір ауыл – бір өнім»  жобасы аясында ауылдық жерлердегі әйелдердің қолымен жасалған жергілікті шикізаттан 60 үздік тауар іріктелді.

Жоба осындай тауарларды ішкі және сыртқы нарықтарда қолдауға және ілгерілетуге бағытталған. Осы бағытта шағын жетістіктер бар. Мысалы, елдің Каспий маңы ауданындағы шалғайдағы ауылда әйелдер бірігіп түйе жүнінен жоғары сапалы өнім шығара бастады. Олар өз тауарларын басқа қалаларға жеткізеді, тіпті Қырғызстанға алғашқы шағын экспортқа шықты. Тимур Нахипбековтың айтуынша, бұл кішкентай болса да нық қадам.

 «Мен осы қос мақсатты жұмыстарыңызға тәнтімін. Бір жағынан кәсіпкерлкті ауыл деңгейінде дамыту болса, екінші жағынан гендерлік саясатты қолдау бар. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарын құру тәжірибесі кейіннен басқа елдерде қолдануға болатын үлгі және білім алуға мүмкіндік береді деп санаймыз. Әрине, Қазақстан – қарқынды дамып келе жатқан ел, және белгілі бір мағынада гендерлік теңдік мәселелерінде революциялық жетістікке қол жеткізіп жатыр. Біз өзара серіктестігімізді мақтан тұтамыз», – деп түйіндеді БҰҰДБ гендерлік теңдік жөніндегі жаһандық директоры Ракель Лагунас.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер