astana-view

13 қарашада АӨСШК Іскерлік кеңесінің VI пленарлық сессиясы және бизнес форумы өтеді

2023 жылғы 08 Қараша
5771 просмотров

 13 қарашада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен АӨСШК (Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес) Хатшылығының қатысуымен Іскерлік кеңестің VI пленарлық сессиясы және  «АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі, жаңартылатын энергия және жасыл қаржыландыру саласындағы ынтымақтастығының перспективалары» бизнес форумы өтеді. Іс-шара «Атамекен» ҰКП төралқа төрғасы, АӨСШК Іскерлік кеңесінің басқарма төрағасы Райымбек Баталовтың басшылығымен өтеді.

 Өтетін күні мен уақыты: 13 қараша, сағат 10:00.

 Өтетін орны: «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Сауда-саттық залы, Мәңгілік ел д-лы 55/18, блок С3.4

Қатысушылар: АӨСШК бас хатшысы, елші Қайрат Сарыбай, ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» Кеңсесі басшысының м.а. Дина Амришева, Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басшысы Аян Еренов және АӨСШК-ге мүше және бақылаушы 28 мемлекеттің бизнес субъектілері.

 Күн тәртібі: АӨСШК  Іскерлік кеңесінің VI пленарлық сессиясы және «АӨСШК мүше мемлекеттердің ынтымақтастығының перспективалары» VIII бизнес-форумы – ТМД мен АӨСШК-ке мүше мемлекеттер маңызды үш сала: азық-түлік қауіпсіздігі, жаңартылатын энергия және жасыл қаржыландырудағы ынтымақтастығының негізгі аспектілері үшін шешімдерді талқылауға және іздеуге арналады. Мұндай кездесулер түрлі салалардағы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ бірлескен стратегиялар мен бастамаларды әзірлеуде шешуші рөл атқарады.

 Алтыншы пленарлық отырыстан кейін сегізінші бизнес форум барысында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттердің инвестициялық жобалары ұсынылатын болады. Бұл шара кәсіпорындарға өз жобаларын ұсынуға және қатысып отырған іскер топтардың назарын аударуға мүмкіндік береді.

 Іс-шара АӨСШК өңіріндегі ШОБ мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады. Оларға сала лидерлерінен оқу, инновациялық идеяларды қалыптастыру және озық тәжірибелермен алмасу үшін платформа ұсынылады. Жаңартылатын энергия көздері, азық-түлік қауіпсіздігі және жасыл қаржыландыру саласындағы кәсіпкерлер өздерінің бизнес стратегияларын жетілдіру үшін ақпарат алады.

 Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттердің сарапшылары, оның ішінде Қазақстан үкіметінің жоғары лауазымды өкілдері, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы, Еуразиялық даму банкі, Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі, Азиялық Даму Банкі және Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының өкілдері пікірталастарды байытуға сараптамалық үлес қосады және жаһандық перспективаны қамтамасыз етеді.

 БАҚ өкілдерін тіркеу үшін мына нөмірге хабарласуды сұраймыз: +7(707)757-50-02 (Назерке Есеналиева. «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі).

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер