ДСМ дәрілік заттарды сатып алу қағидаларына қатысты бизнес ұсыныстарын қолдады
«Атамекен» ҰКП алаңында өткен жиналыста дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу қағидалары талқыланды.
«Атамекен» ҰКП алаңында өткен жиналыста дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу қағидаларынының жобасы талқыланды.
2023 жылғы 3 қарашада «Атамекен» ҰКП алаңында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу қағидаларының жобасын талқылау бойынша жиын өтті. Жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «СК-Фармация» ЖШС және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары» бұдан әрі – Сатып алу қағидалары) № 110 бұйрығының жобасы шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі бизнес-қоғамдастықтың бірқатар ұсынысын қабылдады. Атап айтқанда:
1. Бір көзден алу тәсілімен отандық немесе шетелдік тауар өндірушілерден орфандық ауруларды емдеу үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу мүмкіндігі берілді;
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға шекті бағаны жеткізу шартын орындау барысында төмендету жағына қарай өзгерткен кезде Бірыңғай дистрибьютордың жеткізу келісімшартын біржақты тәртіппен бұзуы алынып тасталды;
3. Бірыңғай дистрибьютордың жеткізілетін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға бағаны төмендетуден бас тартқан кезде әлеуетті өнім берушінің банк кепілдігін ұстап қалуы алынып тасталды;
4. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнім беруші-өндірушісінің мәртебесін растау үшін талаптар қайта қаралды;
5. Өнім берушінің дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізу мерзімдерін 90 күнтізбелік күнде бұзуы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қалу негіздемелерінен алынып тасталды.
Жиын барысында «СК-Фармация» ЖШС бизнес-қоғамдастықтың бірқатар ұсынысын пысықтауды ескере отырып қолдады.
Алайда, сатып алу қағидаларынның жобасында фармацевтикалық қауымдастықты алаңдататын тармақтары әлі де қалып отыр.
Жиын нәтижесінде бизнестің Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу қағидаларының жобасына ұсыныстары «Атамекен» ҚР ҰКП-ның сараптамалық қорытындысы шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілетін болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: