astana-view

Ұлттық палата басшысы Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұсыныстар айтты

2023 жылғы 10 Қараша
6043 просмотров

Үкімет сағатында «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов «Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» жолдауын іске асыру шеңберінде Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында баяндама жасады.

 Ұлттық палата басшысы ҚР Парламентінің жоғарғы палатасына шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне назар аударғаны үшін ризашылығын білдірді. Спикер Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Қ. Тоқаевтың қыркүйектегі жолдауы және отандық бизнеспен жақында кездесуі аясында жаңа экономикалық модельге көшу үшін ШОБ дамытудың маңызын және жинақталған проблемаларды шешу үшін кәсіпкерлерді қолдаудың кешенді бағдарламасын әзірлеу қажеттігін атап өтті.

«Бүгін еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту шарттарын түбегейлі жақсартуға көмектесетін кейбір идеялар мен ұсыныстарды бөліскіміз келеді», – деді ҰКП басшысы.

Экономиканы дамытудың жаңа тәсілдері туралы айта келе, Райымбек Баталов қолданыстағы мемлекеттік қолдау жүйесі ШОБ субъектілерін  сапа жағынан емес, сан бойынша қамтуға бағытталғанын атап өтті.  

Ұлттық палата аумақтардың бәсекелестік артықшылығын толыққанды іске асыру және олардың инвестициялық әлеуетін жедел ашу үшін әр өңірдегі қызметтің 5 басым түріне назар аударуды ұсынды. Кәсіпкерлерді қолдау тәсілі кәсіпорындардың ерекшелігі мен көлеміне байланысты түрлі болуы керек.

 «Шағын бизнес туралы айтатын болсақ, оның сипаты барлық өңірде ұқсас келеді. Оған сауда, қоғамық тамақтану, қызмет көрсету жатады. Шағын бизнеске қолдаудың үлгілік шаралары болуы мүмкін. Олар оқу, гранттар, жабдықтар лизингті қоса алғанда Өңірлерді дамыту бағдарламасында көрініс табады. Орта бизнес үшін қалалар мен аудандар деңгейінде басым қызмет түрлері бойынша салалық мастер-жоспарлар әзірлеу қажет», – деп түсіндірді спикер.

 Президент жолдауында билік пен бизнес арасында құрылымдық диалог болуы керегі анық айтылды. Ұлттық палата бұл диалогты жүргізіп жатыр. Мәселен, өңірлік палаталар әкімдіктермен бірлесіп, аудандарға дейін әр өңірде 3-5 басымдықты өзектендірді. Осы басымдықтардың негізінде орта бизнес лидерлері қатарынан салалық кеңестер құрылды. Олар өз салаларында бір-біріне бәсекелес. Бірақ ең бастысы, олардың ортақ мүддесі – саланы дамыту, олардың өңірде белсенді  позициясы бар. Бұл кеңестердің негізгі міндеті – сараптаманы күшейтіп, бизнес-қоғамдастықтың құзыретін шоғырландыру. Бүгінгі таңда өңірлерде 133 салалық кеңес құрылып, жұмыс істеп жатыр.

«Біз сапалы сараптама үшін кәсіби салалық құзыреттіліктің негізін құрып, шоғырландырдық. Мұндай жүйе кәсіпкерлік қоғамдастықтың барлық әлеуетін іске қосуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді Райымбек Баталов.

Бұдан басқа, басымдықтар негізінде салалық мастер-жоспарларды әзірлеу және нысаналы индикаторларды Өңірлерді дамыту бағдарламасына (ӨДБ) кейіннен интеграциялау көзделіп отыр. Салалық мастер-жоспарлар әкімдікке қаржы ресурстарының негізгі бөлігін сол жерге бағыттай отырып, неғұрлым басым салаларға қолдауды шоғырландыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, қолдау, оның ішінде таңдалған басымдықтар бойынша инфрақұрылымды жүргізу есебінен қалыптасқан орта бизнестің жергілікті лидерлері өз дамуын жеделдетіп, өндірісті ұлғайта алады деп күтілуде.

 Спикер мемлекеттік Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін құру  – ҰКП тәсілдерін іске асырудың ажырамас бөлігі екенін айтты. Бұл тізілім мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланатын болады. Интеграция «Бизнеске арналған үкімет» цифрлық шешімі арқылы іске асырылады.

Тізілім мақсаты –  кәсіпкерлік субъектілері бойынша ақпараттық-талдамалық ақпарат, соның ішінде көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары бойынша мәліметтерді жинау.

Бұл тізілім кәсіпкерлерді тіркеу арқылы, олар бойынша мемлекеттік дерекқорлар, Ұлттық палата, басқа ұйымдардың мәліметтерінен, сондай-ақ кәсіпкерлер дербес енгізетін деректерді пайдалана отырып қалыптастырылатын болады. Осылайша, тізілім кәсіпкерлік субъектілері туралы барлық ақпаратты бір жерде шоғырландыруға мүмкіндік береді.

 Қазіргі кезде ҰКП сертификаттар (CT-KZ және Индустриялық сертификат) туралы деректерден басқа, қазірдің өзінде тіркелген компаниялар, салық аударымдары және жұмысшылар саны туралы ақпарат алып жатыр. Бұл процесс елдегі кәсіпкерлікті дамытудың қазіргі жағдайы бойынша сапалы және толыққанды көріністі қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тізілімнің деректер базасында отандық тауар өндірушілер арасында өндірісті локализациялау мен жобалық қуаттың үлесін айқындау мүмкіндігі пайда болады. Локализациялау үлесі реттелетін сатып алуда, мемлекет қаржыландыратын инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде «жайлы мектеп» ұлттық жобасы сияқты жобаларды іске асыруға қатысуда одан әрі артықшылық алуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, мемлекет үшін тізілім арқылы бизнестің мемлекеттік қолдау шаралары бойынша қарымта міндеттемелері, соның ішінде бизнесті бөлшектемеуге ынталандыру және қазақстандық қамту үлесін арттыру деректері көрсетіледі. Интерактив инвестициялық карта компонентін іске асыру арқылы жобаның барлық мүдделі тарапының (жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдар, даму институттары және бизнес) өтпелі жауапкершілігін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларына мониторинг жүргізуге болады.

 Қазіргі кезде ҰКП-да осы цифрлық шешімдерді әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бизнес үшін толыққанды экожүйе құру жоспарланған Үкіметпен бірлесіп, барлық мемлекеттік цифрлық инфрақұрылыммен интеграцияланған «Бизнеске арналған үкімет» порталы түріндегі цифрлық шешімдер пысықталатын болады.

 Осы Тізілім арқылы кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары, коммерциялық қызметтер, Палата қызметтерін алу бойынша сервистерді пайдалану мүмкіндігі берілетін болады. Порталда тіркелген кәсіпкердің жеке кабинеті болады. Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуын сатып алуды қоса алғанда, мемлекеттік органдар, бизнес-құрылымдармен онлайн және офлайн форматта (КҚКО) өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі болады.

Сонымен қатар, Ұлттық палата басшысы облыстар мен аудандар деңгейінде әкімдер үшін қолданыстағы KPI-ді түбегейлі қайта қарау мәселесіне тоқталды.

Қолданыстағы бағалауға сәйкес, әкімге алма өндіруден бастап өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлеміне дейінгі барлық өңір бойынша бірыңғай бизнесті қолдау бойынша 20-ға жуық негізгі көрсеткіш бекітілген. Бұл ретте салалардың құрылымы бойынша өңірлер түрлі.

«Портал (цифрлық шешім) шеңберінде біз іскерлік белсенділікке тікелей әсер ететін кәсіпкерлік субъектілерінің әрбір санаты бойынша бірнеше шекті қарапайым және айқын түйінді индикаторды ұсынамыз. Шағын бизнес бойынша – кірістер мен жұмыспен қамту, орта бизнес бойынша – жұмыс істеп тұрған компаниялардың саны, инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу, сондай-ақ «іскерлік ахуал» рейтингі шеңберінде Ұлттық палата жасайтын кәсіпкерлердің сауалнамалары. Барлық идеяны іске асыру мемлекеттік жоспарлау жүйесіне және басқа да НҚА-ға өзгерістер енгізуді талап етеді», – деп нақтылады Райымбек Баталов.

Спикердің айтуынша бұл ұсыныстарды іске асыру Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерліктің жедел және тұрақты дамуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде экономикалық өсімнің артуына, азаматтарымыздың өмірін жақсартуға және ұлттық экономикалық тұрақтылықты нығайтуға әкеледі.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер