astana-view

Райымбек Баталов АӨСШК елдеріне жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша бірлескен жобаларды құруды ұсынды

2023 жылғы 13 Қараша
8108 просмотров

2023 жылғы 13 қарашада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен АӨСШК хатшылығының қатысуымен Іскерлік кеңестің VI пленарлық сессиясы және             АӨСШК-ке мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі, жаңартылатын энергия және жасыл қаржыландыру саласындағы ынтымақтастығының перспективалары» VIII бизнес-форумы өтті. Іс-шара «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы, АӨСШК Іскерлік кеңесінің басқарма төрағасы Райымбек Баталовтың басшылығымен өтті.

 «Елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысында тиісті ресурстарға тұрақты қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған механизмдер мен стратегияларды әзірлеу, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру және өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі саласындағы тәжірибе алмасу және озық технологияларды беруді жандандыруды ойлауымыз керек. Кейінгі екі жылда азық-түлік бағасының индексі 46.5%-ға өсті (ФАО индексі 2020 жылы 98,1%, 2021 жылы –125,7%, ал 2022 жылы –143,7% - ға жетті). Мұндай тарихи максимумды Қазақстан сияқты экспорттаушы елдердегі өндіріс көлемінің ұлғаюы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасындағы кедергілерді алып тастау және транзиттік дәліздердің өткізу қабілетінің ұлғаюымен ғана еңсеруге болады», – деді ҰКП басшысы.

 Спикердің айтуынша, Қазақстан мен Орта Азия елдері су ресурстарының жеткіліксіздігі проблемасына тап болып отыр. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу, тиісінше, су-энергетикалық кешенді басқару тиімділігін арттыру және ылғал үнемдейтін технологияларды қолданумен тығыз байланыста.

«АӨСШК елдері үшін жаңарпалы энергетика мен жасыл қаржы тақырыптары да өзекті. Жаңартылатын энергия көздеріне көшу – экологиялық маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар экономикамыздың дамуы үшін перспективалы сектор. Осы саладағы ынтымақтастық қазба отын түрлері, көмір, мұнай және газға тәуелділікті азайтады. Бұл жаһандық климаттың өзгеруіне ең көп үлес қосады, бірақ таза энергия көздері өз позицияларын нығайтуы керек. Қазіргі уақытта электр энергиясының небәрі 29%-ы жаңартылатын көздерден алынады», – деді Райымбек Баталов.

2013 жылы Үкімет Қазақстанда ЖЭК секторын дамытудың нақты мақсаттарын тұжырымдады. Осыған байланысты ЖЭК нарығының көлемі айқындалып, ЖЭК-тен парниктік газдарды төмендету бойынша әлеует айқындалды.

 «2022 жылдың қорытындысы бойынша республикада белгіленген қуаты 2400 МВт болатын 130 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Ал ЖЭК-тің энергия өндіру көлемі 5,11 млрд. кВтсағ құрады.  Бұл тақырып жыл өткен сайын өзектілігін көрсетіп келеді. Өйткені Халықаралық энергетикалық агенттіктің ақпараты бойынша 2027 жылға қарай әлемдегі ЖЭК қуаты екі есеге артады. Экономикамыз, тәжірибеміз және ғылыми әлеуетіміздің ерекшелігін ескере отырып, біз жұмылып, ортақ жобаларды әзірлей аламыз, инновациялық технологияларды енгізіп, сондай-ақ мен жоғарыда көрсеткен ынтымақтастық бағыттарында білім алмасуды және беруді қолдай аламыз», – деді Іскерлік кеңестің төрағасы.

 Осыған орай «Атамекен» ҰКП басшысы қатысушыларды жоғарыда аталған салаларда белсенді болуға шақырды.

Алтыншы пленарлық отырыстан кейін сегізінші бизнес-форумда АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің инвестициялық жобалары таныстырылды. Бұл шара кәсіпорындарға өз жобаларын ұсынуға және қатысып отырған іскер топтардың назарын аударуға мүмкіндік берді.

Қазақстандағы инвестициялық жобалар екіжақты форматқа ие. Бірақ іскерлік кеңес және АӨСШК бизнес-форумы сияқты алаңдар инвестициялық серіктестерді іздеу процесін жеделдетуге және азық-түлік қауіпсіздігі, ЖЭК, жасыл энергетика және жасыл қаржы сияқты өзекті тақырыптарда жекелеген жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Мұнда сарапшылар мен мемлекеттік органдардың қатысуы да маңызды, өйткені мамандардың сараптамасы еліміздің бизнесі үшін өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде  АӨСШК құрамына 28 мемлекет кіреді. Соның ішінде Қытай, Ресей, Әзербайжан, Бангладеш, Бахрейн, Вьетнам, Египет, Израиль, Үндістан, Ирак, Иран, Палестина, Түркия және Оңтүстік Корея сияқты елдер бар. Тағы тоғыз ел бақылаушы мәртебесіне ие. Атап айтқанда, АҚШ, Филиппин, Жапония, Беларусь, Индонезия, Лаос, Малайзия, Украина, Түрікменстан . Кувейт мүшелер тізіміне жақында қосылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер