astana-view

Ұлттық палатада Техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтердің ұлттық нарығын қалыптастыру жөніндегі кеңес құрылды

2023 жылғы 15 Қараша
6253 просмотров

 Техногендік қауіпсіздік саласындағы ұлттық кәсіби қызметтер нарығын қалыптастыру жөніндегі кеңестің бірінші отырысы «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың басшылығымен өтті. Кездесуге сала сарапшылары – қауымдастықтардың төрағалары, мүдделі қауымдастық басшылары және Ұлттық палата басшылығы қатысты

Кеңес мүшелері Қазақстандағы техногендік қауіпсіздікке байланысты кәсіби қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған бастаманы талқылау және іске асыру үшін Ұлттық палата алаңына жиналды.

  «Техногендік қауіпсіздік техногендік (өнеркәсіптік және техникалық) процестермен, сондай-ақ техниканы, технологиялар мен жабдықтарды пайдалану нәтижесінде туындайтын ақау, апаттармен байланысты қауіп-қатердің алдын алу және азайтумен айналысады. Ол кәсіпкерліктің көптеген саласын, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, логистика, жер қойнауын пайдалану мұнай-газ секторы, энергетиканы қамтиды», – деді Райымбек Баталов.

 Техногендік қауіпсіздік индустрияның қарқынды технологиялық ілгерілеуі мен дамуы жағдайында өзекті болып келеді. Техникалық ауытқуларға байланысты төтенше жағдайлардан сенімді қорғауды қамтамасыз ету жоғары білікті мамандар мен инновациялық тәсілдерді қажет етеді.

 «Осындай кеңес құры –  техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қоғамдастықты нығайту бағытындағы қадам. Біз осы саладағы кәсіби қызметтердің тұрақты және бәсекеге қабілетті ұлттық нарығын қалыптастыруға ықпал ететін стратегиялар, стандарттар мен тәжірибелерді бірлесіп дамыту үшін сарапшылар, бизнес, мемлекеттік органдар мен академиялық қоғамдастық өкілдерін біріктіруге тырысып жатырмыз», –  деп атап өтті «Қазақстандық регистр» ЗТБ төрайымы Светлана Заитова.

 Кеңес шеңберінде стандарттау, кәсіби аккредиттеу, сала қатысушылары арасында тәжірибе және білім алмасу мәселелері қаралады. Сондай-ақ инновацияларды дамыту және озық технологияларды енгізу үшін қолайлы орта құруға белсенді жәрдем көрсетіледі деп жоспарлануда.

 «Осы маңызды кезеңге қатысқаныңыз үшін алғыс айтамыз. Техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтердің ұлттық нарығын қалыптастыру жөніндегі бірлескен күш-жігеріміз қауіпсіздік деңгейін жақсартып, экономикамыздың түрлі секторларында тұрақтылықты сақтай отырып, өз жемісін беретініне сенімдіміз», – деп түйіндеді Райымбек Баталов.

 Жиынға «Қазақстан регистр» ЗТБ, «Тәуелсіз газ қауымдастығы» ЗТБ, «Техникалық реттеу және метрология жүйелеріне қатысушылардың қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан Республикасының өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан Республикасының лифтшілер одағы» ЗТБ, «Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» ЗТБ және басқа да одақтардың өкілдері қатысты.

Кеңес құрамына 12 қатысушыдан өтініш берілді. Осы бағыттың жұмысына мүдделі адамдарды кеңес құрамына кіруге шақырамыз.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер