astana-view

 «Қалаға энергия көздерін бөлу картасы қажет» – елорда кәсіпкерлері

2023 жылғы 21 Қараша
- Астана қаласы
8367 просмотров

Елордалық бизнес әкімдікке әр тиісті аумақтық аймақ шеңберінде желідегі қуат пен жүктемелерді көрсететін дашборд құруды ұсынады.

Астана қаласының бизнес-қоғамдастығы мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің кезекті кездесуі өтті. Оған «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов қатысты.

Кездесуде Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев осы жылы Палата елорданың бизнес-қоғамдастығына жүйелі мәселелерді шешуге жәрдемдесу бойынша белсенді жұмыс жүргізгенін атап өтті.

«Осы жылғы 30 наурызда өткен кездесудегі хаттамалық тапсырмаларды орындау аясында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп белсенді жұмыс жүргізілді. Өткен кездесуде кәсіпкерлер экономиканың түрлі салаларының 55 жүйелі мәселесін, оның ішінде республикалық деңгейде 13, жергілікті деңгейде  42  мәселе айтылды. Қазіргі уақытта 50 мәселе оң шешімін тапты, үшеуі жұмыста, екеуін орындаудан бас тартылды», – деді Бейсен Жолболдиев.

Әрі қарай, ашық микрофон форматында елордалық кәсіпкерлер өзекті мәселелер туралы айтып, оларды шешу бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

Мәселен, Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының салалық кеңесінің мүшесі, Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков инженерлік коммуникациялардың барлық түрі (жылу, электр, сумен жабдықтау және т.б.) бойынша қолда бар қуаттардың жеткіліксіздігін атап өтті. Оның айтуынша, жүктемелердің инженерлік желілер бойынша бөлінуі ашық айқындалмауына байланысты, құрылысты жоспарлау кезінде құрылыс салушылар нақты көріністі көрмейді.

 «Біз көрнекі құрал құруды ұсынамыз – әрбір тиісті аумақтық аймақ шеңберіндегі энергия желілеріндегі қуаттар мен жүктемелерді көрсететін дашборд, сонымен қатар нақты уақыт режимінде қуатты бөлу процесін қадағалаймыз», – деді Виктор Микрюков.

Туризм салалық кеңесінің төрағасы ..?, «Қалалық туризмді дамыту орталығы» қауымдастығының атқарушы директоры Татьяна Верницкая әкімдікте туризм басқармасын құру туралы ұсыныс айтты. Оның пікірінше, бұл шара туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар мәселені шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде туризм мәселелері Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қарамағында, мұнда тек бір маман туризм мәселелерімен айналысады.

«Qazaq Stone» ЖШС директоры Дәурен Ағзымов «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруға қатысу үшін отандық тауар өндірушілерді барынша тартуды сұрады. Ол Астанада бірқатар құрылыс тауарлары, жиһаз, тас, бетон, электр жабдықтары, пластикалық терезелер, кабель, құбырлар және т.б. өндірілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, жер қатынастарына, денсаулық сақтау мен білім беруге қатысты мәселелер айтылды. Мектептегі тамақтандыруды жеткізушілер бір реттік мектептегі тамақтану құнын 584 теңгеден 800 теңгеге дейін ұлғайту қажеттігін атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар қатарында салалық министрліктердің вице-министрлері, сондай-ақ Астана қаласының прокуроры Ерлан Өтегенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментін қоса алғанда, бірқатар елордалық департамент басшылары бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер