astana-view

Building Property Expo 2024  көрмесінде жетекші өндірушілер мен жеткізушілер озық технологияларды ұсынады

2023 жылғы 23 Қараша
4933 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық өндірушілердің жаңа технологияларды игеру, тәжірибе алмасу, таныстыру үшін жаңа алаң құруға деген ұмтылысын қолдайды. Осындай қолдаудың бірі – Ұлттық палатаның Building Property Expo 2024 мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруға қатысуын атауға болады.

«Көрме еліміздің құрылыс саласы мен коммерциялық жылжымайтын мүлік секторына жаңа инвесторларды тарту алаңы бола алады. Көрме «Атамекен» ҰКП-ның стратегиялық мақсаттары мен даму миссиясына кіретін орталық және өңірлер, өндірушілер мен тұтынушылар, бизнес пен билік арасындағы байланыстырушы дәнекер бола алады. Өңірлерде Ұлттық палатаның 133 салалық кеңесі жұмыс істеп жатыр. Қазіргі кезде  салалық кеңеске тұрақты мүшелер саны 5 мыңнан аса кәсіпкерді құрайды. Сондықтан өңірлерде осындай шаралар өткізу маңызды. Біз бизнестің бастамаларын, саланы дамыту мақсатында осындай алаңдарда мамандар бірлестігін қолдаймыз», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков көрмені өткізуге арналған брифингте.

 Спикердің айтуынша, бұл көрме іскерлік байланысты кеңейту, жаңа өткізу нарықтарын табуға мүмкіндік береді. Жергілікті және шетелдік жетекші өндірушілер мен жеткізушілер құрылыс және әрлеу материалдары, жабдық, дизайн және интерьер дизайны, автоматтандыру және IT шешімдері, ғимараттарды басқару және пайдалану және жылжымайтын мүлік саласындағы соңғы технологиялар мен өнімдер ұсынылады. 

QazProperty коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылар қауымдастығының төрағасы Константин Глушко бұл көрменің негізгі идеясы 4 сала, атап айтқанда жобалау, құрылыс, пайдалану және сервистің өзара іс-қимылы қажеттігі екеін атап өтті.

«Қазіргі кезде барлық өзекті мәселе кешенді тәсілді және құрылыс пен пайдаланудың барлық қатысушысын біріктіруді талап етеді. Негізгі тапсырыс берушілер, атап айтқанда мемлекеттік бөлімшелер мен инвесторлардан бастап дизайнерлер, сәулетшілер, инженерлер, құрылысшылар және басқарушы компанияларға дейін. Building Property Expo ғимараттарды жобалау және салу мамандары, әзірлеушілер, инсталляторлар үшін жылдық күнтізбедегі басты оқиға болмақ», – деді ол.

Брифингте Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы, Қазақстанның республикалық жобалаушылар одағы, Қазақстан құрылысшылар одағының басшылары да сөз сөйледі.

 Көрме туралы ақпаратты мына сілтемеден оқуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер