astana-view

«Атамекен» ҰКП-ның өңірдегі салалық кеңестері, кәсіпкерді қаржылай емес қолдау, адами капиталды дамыту, сыртқы сауда және туризм саласындағы жұмысы жайлы

2023 жылғы 23 Қараша
3255 просмотров

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезекті ХІ съезінде өңірлік кәсіпкерліктің дамуы, қаржылай емес қолдау, адами капиталды дамыту, туристік жарна, сыртқы сауда қызметі жайлы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков баяндады.

Салалық кеңестерге мүше болған кәсіпкерлер саны 5 мыңнан асты

Жыл басында өңірлік палаталардың жұмысын трансформациялау шеңберінде өңірлік салалық кеңестер құру жөнінде түйінді шешім қабылданды. Салалық кеңестердің басты міндеті – өңірлік бизнесті салалық принцип бойынша шоғырландыру, нормативтік құқықтық актілерге сараптама жүргізуді нығайту.

Бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде біз өңірлік ерекшелікке сәйкес 6 басым сала бойынша 133 салалық кеңес құрдық. Қазіргі кезде салалық кеңестердің тұрақты мүшелерінің саны 5 мыңнан астам кәсіпкерді құрап отыр. Айта кету керек, бұл санды келесі жылы екі есе арттыруды жоспарлап отырмыз. Әрине бұл ретте, кеңестердің сапалық жағы да, сандық құрамы да ескерілмек.

Салалық кеңес моделі кәсіпкерлер тарапынан да, жергілікті атқарушы органдар тарапынан да оң пікірге ие болды. Бүгінде өңірлердің әкімдерімен 34 кездесу өткізіліп, сол жиындарға бизнестің 6 мыңға жуық өкілі қатысты. Аталған кездесулерде 515 түйткілді мәселе қаралып, олардың 283-і оң шешімін тапты.

Мысалы, Ақтөбе облысында кәсіпкерлер палатасының алаңында (бұл да маңызды) бизнестің облыс әкімі және оның салалық мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарларымен 6 кездесуі өтті. Шымкент қаласында салалық кеңестің күшімен Медициналық-фармацевтикалық кластер құрылды. Кәсіпкерлермен кездесу қорытындысы бойынша Түркістан облысының әкімі жиһаз кластерін құру туралы жоспарын бөлісті. Астана қаласында әкім бекіткен кесте негізінде әкімнің салалық мәселелер жөніндегі орынбасарларының бизнеспен кездесулері апта сайын өткізіліп тұрады. Бұл өңірлердегі салалық кеңестердің табысты жұмысының бір бөлшегі ғана.

Қостанай облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңестің қолдауы және қаржыландыруымен алғаш рет бизнеске қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған процестік тәсілді («сервис-дэск» деп аталатын) табысты енгізді.

Бұл тәжірибені басқа да өңірлерге қолдануды жоспарлап отырмыз.

2023 жылы орта бизнес өкілдерінің Қазақстан Республикасының премьер-министрі Ә.А. Смайыловпен секторлық кездесулері алғаш рет жаңа форматта өтті.

Жоғарыда атап өтілген барлық жұмыс осы жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бизнеспен қорытынды кездесуін сапалы дайындауға мүмкіндік берді. Осы кездесуде бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасаудың басым міндеттері қойылды.

 

Кәсіпкерлерге қандай қаржылай емес қолдау көрсетілді

 

«Атамекен» ҰКП-да кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 113 мың клиентке 296 мың қызмет және кеңес берілді.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары арқылы 15 мың әйелге кеңес берілді.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында 2023 жылы 24 көрме өткізілді. Көрмелерге өңір-өңірден 807 өнім өндіруші қатысып, жергілікті шикізаттан өндірілетін 60 тауар іріктелді. 30-дан астам тауар өндіруші қаптаманың дизайнын жасады.

«Мен кәсіпкер» құралы шеңберінде «Кәсіпке бағыт» бағыты бойынша өңірлерде агробіліктілік бойынша салалық оқу жүргізіліп жатыр. Республикалық маңызы бар қалаларда оқу өндіріс және қызметтер бойынша жүзеге асырылады.

«Іскерлік байланыс» жобасы шеңберінде 2023 жылы алғаш рет пилоттық түрде 5 қазақстандық компания Жапонияда бизнес-тағылымдамадан өтті. Сондай-ақ Жапонияға кемінде 10 қазақстандық кәсіпкерді жіберу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

Германиямен ынтымақтастық шеңберінде 2024 жылы 50 кәсіпкердің үш апталық тағылымдамасына квота беру туралы уағдаластық жасалды.

Ұлттық палата 2015 жылдан бастап «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының ұйымдастырушысы болып. Биыл байқауға өңірлік көрме-байқауларының 180 жеңімпаз компаниясы қатысты.

ҰКП жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне мамандарға қажеттілік тұрғысынан сауалнама жүргізілді. Оның нәтижесі білім берудің мемлекеттік тапсырысын бөлу кезінде пайдаланылады. Мамандарға қажеттіліктің 78%-ы жұмысшы мамандықтарға тиесілі.

 

«Атамекен» мен мемлекеттік органдардың бизнеске арналған қызметтері «бір терезеде»

 

Бұған дейін кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалар бойынша қызметтерді Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарынан алатын. Аталған қызметтер мемлекеттік органдардың қызметтерімен байланысты болғандықтан, «бір терезе» қағидаты толықтай іске асырылмады. Кәсіпкер бәрібір Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік органдарға баруға мәжбүр еді. 

Осы мәселені шешу үшін «Атамекен» ҰКП мен «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (КеАҚ) арасында Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін көпфункциялы орталықтарын құру жөніндегі пилоттық жобадағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл жоба ҰКП мен мемлекеттік органдардың бизнеске арналған қызметтерін «бір терезеге» біріктіруге мүмкіндік берді.

2023 жылдың мамыры мен тамызы аралығында Астана, Шымкент және Алматы қалаларында кәсіпкерлерге қызмет көрсететін алғашқы көпфункциялы орталықтары ашылып, олар 6 мыңға жуық қызмет көрсетті. Мемлекеттік қызметтердің 370-ке жуық түрі, «Атамекеннің» 50-ден астам қолдау шарасы ұсынылады.

Астана қаласында ХҚКО (ЦОН) құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Онда кәсіпкерлер үшін «Атамекеннің» де, мемлекеттік органдардың да қызметтері көрсетілетін болады.

Болашақта бұл тәжірибе басқа өңірлерде де қолданылмақ.

 

Адами капиталды дамыту басты назарда

 

Адами капиталды дамыту шеңберінде Ұлттық палата 606 кәсіби стандартты бекітті, олардың ішінде 392-сі өзектендірілді.

Сертификаттау орталықтарының тізіліміне 28 орталық енгізілді, олар түрлі салалардан 33 мыңнан астам маманды сертификаттады.

2023 жылы «Кәсіптік біліктілік туралы» заң қабылданды. Онда Ұлттық палатаға салалар бойынша кәсіптік стандарттарды міндетті сараптау жұмыстарымен қатар,   Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын ерікті негізде аккредиттеу функциялары берілді.

Дуальді оқу шеңберінде дуальді оқуға қатысатын  өндіріс мамандарын тәлімгерлікке оқыту жұмысы жалғасуда.

Үкімет ҰКП-ның дуальді оқу процесінде туындаған шығындарды (сақтандыру, жеке қорғаныс құралдары, өндірістегі тәлімгерлердің еңбегіне ақы төлеу) кәсіпорындарға өтеу жөніндегі бастамасын қолдау тапты.

«Атамекеннің» бастамасымен туристік жарна алынып тасталды 2022-23 жылдар аралығында 121 нормативтік-құқықтық акт жобасына сараптама жүргізілді.

ҰКП-ның ұсыныстары ескерілген аса маңызды құжаттар: Туристік саланы дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы, туристік нарық субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары бойынша орталық мемлекеттік органдардың қаулылары мен бұйрықтары, Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары, креативті индустрия мәселелері бойынша Үкімет қаулылары.

«Атамекен» ҰКП турбизнеспен бірлесіп, туристік жарнаны сатуды тоқтата тұру немесе тоқтату бойынша жұмыс жүргізді. Біз норманың мерзімінен бұрын енгізілгенін бірнеше рет айтқан болатынбыз. Нәтижесінде биыл 20 қазанда туристік жарна алынып тасталды.

Бизнестің түйткілді мәселелері бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі.  Бүгінгі таңда ең өзектілері – туризм субъектілері (балалар лагерлері мен туроператорлар) үшін салық салудағы кедергілерді жою қажеттілігі, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру және балалар демалысы мен туризмді ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын субъектілердің жұмысы үшін жағдай жасау.

Осы мәселелерді шешу бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

 

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы 2,2 млрд долларды құрайтын келісімдерге қол жеткізді

 

Ұлттық палата жұмысының маңызды бағыттарының бірі – сыртқы сауда қызметін қолдау. Қазақстанның сыртқы сауда палатасы 2014 жылғы 29 шілдеде құрылды. Ұйымның негізгі міндеті – сыртқы экономикалық салада қазақстандық бизнестің мүддесіне өкілдік ету. Қызметінің негізгі бағыттары: сауда миссиялары арқылы қазақстандық өнімнің экспортын ілгерілету, технологиялар трансферті, Қазақстанға инфвестиция тарту, елдер арасындағы сауданы дамыту.

Жыл қорытындысы бойынша түрлі деңгейде 101 іс-шара өткізіліп, 3,5 мың кәсіпкер қамтылып жалпы сомасы 2,2 млрд долларды құрайтын келісімдерге қол жеткізілді.

Қазақстанның негізгі әріптестері: Өзбекстан, Тәжікстан, Германия, Испания, Бельгия, Пәкістан, Қырғызстан, «Қытай және Орталық Азия», «Корея және Орталық Азия», Жапония, Ресеймен іскерлік кеңестердің 12 отырысы өткізілді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер