astana-view

«Атамекен» ҰКП-ның сот және құқықтық реформалар бойынша жұмысы жайлы

2023 жылғы 23 Қараша
4622 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары  Ербол Өстеміров кезекті XI съезд барысында сот және құқықтық реформалар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Қазақстанда көптеген маңызды реформа жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында сот және құқықтық реформалар да бар. Әсіресе қылмыстық қудалау жүйесі мен сот жүйесі заманауи талаптарды, қоғам мен бизнестің сұраныстарын ескере отырып, сапалы жаңартуды қажет етеді.

«Атамекен» палатасының жүйесіне жылына 4 мыңнан астам арыз түседі. Олардың басым бөлігі ол сот шешімдерімен келіспеу және құқыққорғау органдарының әрекетіне қатысты.

Кәсіпкерлердің пікірін ескеру үшін «Атамекен» ҰКП жанында арнайы жұмыс топтары құрылды. Жұмыс тобының құрамына ғалымдар,  тәжірибелі мамандар, бұрынғы судьялар, адвокаттық және заң қауымдастығының өкілдері кірді.    

Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына жүргізілген ревизия нәтижесінде тиісті заң жобасы дайындалып, кәзіргі кезде Мәжіліс қаралуында. Атап айту керек, заң жобасын бұрынғы кезде құқыққорғау органдары, Бас прокуратура дайындаған болса, соңғы заңжобасын Әділет министрлігі дайындады, біздің ұсыныстардың көбі қолдау тапты.  

Заң жобасы қандай бастамаларды қамтиды?

Азаматтық даулар бар жерде қылмыстық құдалауды бастамау, кәсіпкерлерге қатысты Қылмыстық кодексінің ең танымал 6 бабы бойынша бас бостандығынан айыру жазасы айыппұлға ауыстырылады. Кәсіпкер заңбұзушылықты жасаған болса, тиісті айыппұлды төлеп, әрі қарай өз кәсіпкерлік қызметін жүргізіп, экономикаға пайдалы үлесін қосуға мүмкіндігін сақтайды.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғауды күшейту бойынша заң жобасында салық немесе азаматтық-құқықтық дау болған жағдайда және тексеру актісі, маманның қорытындысы қоса берілмеген және олардың сотқа дейінгі не сотқа шағымдануынсыз қылмыстық қудалауды бастауға тыйым салу көзделеді.

Қылмыстық қудалау органдарының осы органдардың штаттық қызметкерлері бола отырып, органдарға «қажетті» актілер жазуға мүмкіндігі бар мамандарды тарту проблемасы шешіледі. Біз Қаржы министрлігі арқылы осындай мамандарды тарту және сот аудиторы қызметінің стандартын қабылдау арқылы осы мүдделер қақтығысын шешуді ұсындық.

Осымен қатар, қылмысты бірінші рет жасаған тұлғаға, осы қылмыс адам деңсаулығына зиян келтірмесе, мүліктік залалды өтесе, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға тыйым қойылады.

Ұйымдасқан қылмыс тобының белгілерін коммерциялық ұйымдарға ілу деректері орын алуда. Тергеу кезінде аса ауыр қылмыс жасаған деп айып тағып, қылмыстық құдалаудың барлық арсеналын қолдануға мүмкіндік алады. Алайда, әр кәсіпкерлік серіктестікте басшы, есепші, орындаушы бар, кәсіпкерлік қызмет кезінде олар байланыс жұмыс істейді – бір адам серіктестіктің жұмысын жүргізе алмайды ғой, осы байланыс жұмыс ұйымдасқан қылмысқа еш қатысы жоқ. Осы мәселе заңжоба шеңберінде өз шешімін табу керек.

Қандай ұсыныстарымыз ескерілмей, талқылауға қалды?

Мысалы, кәсіпкерлерге қатысты тергеп-тексеру бойынша дербес тәртібі болу керек деп санаймыз.   

Біздің пікіріміз бойынша, барлық тергеу амалдары сотты ескеру арқылы жүргізілу керек, қылмыс белгілерін анықтауға бақытталып, кәсіпкердің жұмысына шектеу қойылмау керек, мысалы тінту, қарау, алу тәртіптері кәсіпкерге қатысты ерекшіліктерімен жазылу керек – құжаттардың түпнұсқалары, компьютер процессорлары алынбау керек. 

Президенттің ағымдағы жылдың жолдауында экономикалық қылмыстар бойынша ары қарай жеңілдету жасау тапсырылған. 

Осы тапсырма шеңберінде біз контрабанда және кедендік салымдарды төлеуден бас тарту арасын шектеуді ұсындық.  

Сот жүйесі – еліміздің иммундық жүйесі

Қолдау тапқан ұсыныстар. Егер сот жүйесі өз рөлін дұрыс орындамаса, азаматтар мен кәсіпкерлер зардап шегеді, наразылық жиналады, әділетсіздік үстем етеді. 

Біздің жұмыс тобы тарапынан  әзірленген ұсыныстардың бір бөлігі Мемлекет басшысының Халыққа жолдауларында және ағымдағы жылдың наурыз айында қабылданған конституциялық заңда өз көрінісін тапты.

Біздің қолдау тапқан ұсыныстарымыздың ішінде мемлекеттік баждардың негізсіз жоғары мөлшерін алып тастауды атап өткен жөн. Қазір ол 20 мың АЕК-тен аспайды.

Шағын құрамды аудандық соттардың (3 судьядан артық емес) төрағасы және шалғай жерде орналасқан лауазымдар алынып тасталды.

Судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін судьяларға қатысты арнайы іс-шараларға санкция беру облыстық прокурорлардан Бас прокурордың құзыретіне берілді. Бірінші сатыдағы ережелер бойынша істерді қарайтын және мәні бойынша шешімдер қабылдайтын апелляцияның рөлі күшейтілді.

 

Сот жүйесінде түпкілікті шешілмеген мәселелер: кассациялық сатыға қолжетімділік, судьялардың тәуелсіздігі, эксаумақтылық

Кәсіпкерлерді алаңдадатын өте маңызды сұрақ – кассациялық сатыға қолжетімдік.

Әкімшілік істер бойынша мүлдем проблема болмаса, азаматтық істердің тек 6%-ы кассацияға баруға мүмкіндігі бар, проблемалар көп – талап-арыздың сомасы бойынша шектеу бар, алдын-ала қарау тәртібі бар. Бұның бәрі сапалы әділдікке қолжетімдікті  шектейді.   

Біздің ұсынысымыз – дербес кассациялық соттарды құру.

Мемлекеттік басшысы 2 ай бұрын - 12 қыркүйекте кәсіпкерлермен кездесу жиналысында осы мәселеге назар аударып, оны шешуге тапсырма берді.

Кәзіргі таңда мемлекеттік органдардың барлығы, заң қауымдастығы дербес кассациялық соттарды құруды қолдады. Біздің ойымызша заңнамаға тиісті өзгертулер еңгізілсе, келесі жылы осы кассациялық соттар құрылады.  

Осымен қатар, судьялардың шынымен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін тағы басқа да тиімді ұсыныстар бар.

Судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету жолдарының бірі облыстық сот төрағалары мен облыстық сот алқаларының лауазымдарына кандидатураларды іріктеу кезінде сайланбалы тетіктерді қолдану.

Бұл аймақтың облыстық және барлық аудандық, қалалық соттарының судьялары сайлауға қатысқан кезде әділ болады, ал дауыс берудің өзі құпия болуы керек.

Экстерриториалдылық мәселесі әлі шешілген жоқ. Екі тараптың келісімі бойынша қолданыстағы эксаумақтылық іс жүзінде тиімділіктің төмендігін көрсетеді. Біз бастапқы кезеңде облыстық соттар үшін автоматты экстерриториалдылықты енгізуді ұсынамыз, содан кейін бірінші сатыдағы судьялар апелляциядағы әріптестеріне қарамай шешім қабылдайды.

Экстерриториальность деген аудандық соттың шешімі апелляциялық сатыға басқа аймақтың сотына түседі. Мысалы Ақмола облысы Аршалы аудандық сотының шешімі Ақмола облыстық сотына емес, мысалы Батыс Қазақстан облыстық сотына түседі, ол жақтың соттары Аршалы аудандық сотының судьясын білмейді және де объективті шешім қабылдайды. 

Жақында Жоғарғы сотпен бірге үлкен Форум өткізіп, түпкілікті шешімін таппай жатқан проблемалар талқыланып, мерзімдері бекітіліп тиісті Жол картасы қабылданды.

Осы және келесі жылдары салық, жер, мемлекеттік сатып алу салаларындағы проблемалар зерттеліп, оларды шешу үшін тиісті шаралар қолданылады.     

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер