astana-view

Бөлшек салық мөлшерлемесін төмендетуге қатысты

2023 жылғы 29 Қараша
10145 просмотров

Дереккөз: kazpravda.kz

Салық кодексіне сәйкес 2023 жылдан бастап мәслихаттар бөлшек салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендетуге құқылы.

Сонымен қатар, заңдағы қайшылық нәтижесінде қазіргі уақытта мәслихаттарда 2024 жылға қарай мұндай құқық болмайды.

Бұл ретте «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес ҚР Парламенті депутаттарының бастамасымен 2024 жылға арналған бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету туралы шешімді жергілікті өкілді орган 2024 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей қабылдайды. Сонымен қатар 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазіргі кезде заң жобасы ҚР Парламентінің Сенатында қаралып жатыр.

 Осыған байланысты 2023 жылғы 1 қаңтарда сағат 10:00-де (Астана қ. уақытымен) «Атамекен» ҰКП алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерінің қатысуымен бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету бөлігінде салық заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша семинар жиналыс өтеді.

 Семинарға өңірлік кәсіпкерлер палаталары немесе мына zoom сілтеме арқылы қатысуға болады.

  

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер