Мұнай сервистік компанияларға E-procurement платформасына көшу ұсынылды – Ұлттық палата
Атырауда «Атамекен» ҰКП қолдауымен «KazService» мұнай сервистік компаниялар одағы» ЗТБ алаңында «Қазмұнайгазсервис-2023»: «Мұнай-газ құрылысы және инжиниринг» XI жыл сайынғы конференциясы өтті.
Жыл сайынғы шара ірі мұнай-газ компаниялары (TCO, NCOC, KPO) жанындағы мұнай-газ өнеркәсібі мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Қатысушыларға мұнай-газ өнеркәсібінің алдында тұрған қазіргі сын-қатерлер мен үрдістер: операторларды сатып алу, ірі мұнай-газ жобалары, қаржыландыру, сондай-ақ мұнай сервисі мен мұнай-газ машина жасау экспортын талқылауға бірегей мүмкіндік берілді.
Осыған қарамастан, сервистік компаниялар бұл мәселелерде ұстамдылық танытты. Өйткені компаниялар келісімшарт пен төлем бойынша кідірістер болуы мүмкін екенін түсінеді. Соның салдарынан келешкте олар мүлдем жұмыс көлемінсіз қалуы мүмкін.
«Нарық ойын ережелерін өзі белгілейді. Жақсы ма, жаман ба, мен шешпеймін. Бірақ ҰКП ретінде өз тарапымнан Тапсырыс берушіге нарық тенденциясын айту керек деп санаймын», – дейді «Атамекен» ҰКП Мұнай-газ секторы мен экология жөніндегі басқарушы директоры Мұратбек Маханов.
Конференцияда ҰКП өкілі сала үшін маңызды мәселелерді көтеріп, ұсыныстар айтты.
Мұратбек Маханов тапсырыс берушілер (TCO, NCOC, KPO) өзінің құқықтық актілерін, сатып алу процесін ҚР Заңдарына сәйкес келтіруі қажет деп санайды. Бұл шара әлеуетті өнім берушілерге біліктілік талаптарына сәйкес келмеуді негіздеп жауап беру үшін керек.
«Төлемдер бойынша 30 немесе 42 күн қарастыру мәселесіне келетін болсақ (TCO, NCOC, KPO): тексеру ұзақ уақытты алады деп санаймыз. Мұнда бақылаушы қателікке байланысты өтінімді қабылдамай, төлем мерзімі кейінге қалдырылады (10 күнге, егер бақылаушы қабылдамаса, қайта жүктегеннен кейін тағы 30 күн немесе 42 күн болады). Төлемді қарауды 10 жұмыс күніне дейін қысқарту қажет. Сонымен қатар қайта жүктеу кезінде қарау мерзімін 3 жұмыс күніне дейін қысқарту қажет», – деді спикер.
Сондай-ақ, өнімді бөлу (ӨБК) және қазақстандық қамтуды көтеру туралы келісім шеңберінде Ұлттық палата «Теңізшевройл» ЖШС үшін БК құру жөніндегі талапты біріздендіруді ұсынады.
Бұдан басқа, ҚР Президентінің жолдауын жүзеге асыру шеңберінде « ... сатып алу процесін жеңілдету және қысқарту, бағадан сапа басымдығы қағидатын қамтамасыз ету, яғни демпингтен тиімді тосқауыл қою, сондай-ақ процедураны толық автоматтандыру қажет». «Атамекен» ҰКП компанияларға E-procurement платформасына көшуді ұсынды.
Қорытындылай келе, Мұратбек Маханов сервистік компанияларға ол әрдайым байланыста болатынвн және info@atameken.kz немесе m.makhanov@atameken.kz email бойынша барлық сұраққа жауап беруге дайын екенін айтты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: