astana-view

Ұлттық палатада  ESG және тұрақты даму жөніндегі кеңес құрылды

2023 жылғы 02 Желтоқсан
6054 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Райымбек Баталов БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы шекті конвенциясы тараптарының 28-ші халықаралық конференциясына қатысты.

30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында БАӘ-нің Дубай қаласында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы шекті конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы өтіп жатыр. Халықаралық конференция Париж келісіміне қатысушы 200-ге жуық елді біріктірді.

 1 желтоқсанда Орталық Азия павильонының ресми ашылуы өтті. Сонымен қатар Қазақстанның төмен көміртекті даму әлеуеті мәселелеріне арналған бірінші панельдік сессия өтті.

Іс-шараға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Райымбек Баталов қатысты. Спикер Қазақстанның тұрақты дамуға және «жасыл» бизнес-жобаларды іске асыруға ұмтылысының маңызын атап өтті.

«Біз жасыл  экономикаға ауысу, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу және тиісті технологияларды енгізу мәселелері климат мәселесі күн тәртібінен әлдеқашан асып кеткенін түсінеміз. Бүгінде олар инвестиция мен халықаралық сауда, елдер, қалалар экономикаларының құрылымын кешенді қайта құру және өңірлерді дамыту мәселелерімен тығыз байланысты», – деді Райымбек Баталов.

Спикер көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі мақсаттар ауқымды салалық заңнамалық өзгерістерді және мемлекеттік қолдау шараларын енгізуді талап ететінін атап өтті. Осы бағытта «Атамекен» Ұлттық палатасының заңнамалық және нормативтік базаны жетілдіруге жәрдемдесуге әзірлігін айтты.

ҰКП Төралқа төрағасы көміртекті жобаларға ерекше назар аударды.

«Көміртекті сіңіру жобалары, соның ішінде тұрақты орман өсіру және тұрақты ауыл шаруашылығы қазіргі кезде бағаланбай жатыр деп санаймыз. Бұл ретте Қазақстан әлемдегі тоғызыншы ірі ел бола отырып, көміртекті егіншілік жобаларын дамыту үшін зор әлеуетке ие», – деп толықтырды Ұлттық палата басшысы.

28 халықаралық конференция алаңында Райымбек Баталов Ұлттық палатасының жанынан ESG және тұрақты даму жөніндегі кеңес құрылғанын ресми түрде жариялады, оған бүгінгі таңда экономиканың 50-ден астам негізгі ойыншысы мүше болды.

 «Кеңес тұрақты күн тәртібі шеңберінде ел қабылдаған міндеттемелерді іске асыру бойынша одан әрі шешімдер әзірлеу үшін келіссөздер алаңы болады. Сондай-ақ, Кеңес қызметі аясында табысты тәжірибелерді тарату, «жасыл» және тұрақты жобалар нарығын дамытуға жәрдемдесу мәселелері пысықталатын болады», – деді Райымбек Баталов.

ESG және тұрақты даму жөніндегі кеңеске Юлия Якупбаева жетекші болды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер