astana-view

Мемлекет басшысы орман-климаттық салада алғашқы жобаны іске асыруды мақұлдады

2023 жылғы 04 Желтоқсан
7099 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер калатасы, Ұлыбританияның SEFE Marketing & Trading компаниясы және орман-климаттық жобаны іске асырушы компания «SAFC» ЖШС арасында Орман-климаттық жобаларды дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өткен СОР 28 Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитінің жұмысына қатысып, Қазақстан және басқа елдердің мемлекеттік органдары мен бизнес-құрылымдары арасындағы бірқатар келісімдерге қол қою рәсімінде болды.

  Қол қойылған келісімдердің бірі – «Атамекен» ҰКП, Британдық SEFE Marketing & Trading компаниясы және «SAFC» ЖШС арасында орман-климаттық жобаларды дамыту жөніндегі Ынтымақтастық туралы үшжақты меморандум болды.

  «Бұл маңызды меморандум деп санаймын. Ұлттық палата бұл құжатқа баса назар аударатын болады. ҰКП жанынан ESG кеңесі құрылды, осы кеңес шеңберінде экология үшін маңызды жобаларға сүйемелдеу көрсетіледі», – деп атап өтті ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов.

 Ұлыбританияның  Sales Marketing & Trading компаниясы сұйытылған табиғи газ, электр энергиясы және экологиялық өнімдерді қоса алғанда, энергетикалық өнімдерді жеткізу, тасымалдау, сақтау, маркетинг және саудамен айналысады. 2008 жылдан бастап Хьюстон мен Сингапурдағы SM & Т сату желісін одан әрі кеңейте отырып, Лондонда көміртегі қондырғыларын құру және сату қызметін бастады.

«Жобаның мәні мынада: sefe ірі халықаралық еуропалық компания орман өсірумен айналысатын қазақстандық компаниямен офтейк-келісімшартқа қол қояды», – деп толықтырды Ұлттық палата басшысы.

Қазақстан тарапынан жобаны іске асырушы «SAFC» ЖШС. Компания Алматы облысының аумағында эрозияға ұшыраған топырақтарға 3500 га жаңа орман отырғызумен айналысып жатыр.

 «Қазақстандық компания ағаш егумен айналысады. Одан орман өсіп, көміртегі бірліктері халықаралық стандарттар бойынша есептеліп, шетелге долларға сатылып жатыр. Осылайша, біз орман өсіруге, топырақтың регенерациясына және Қазақстанның экологиясына жеке капиталдың инвестиция салуын ынталандырамыз», – деді Райымбек Баталов. 

Жобаның бастапқы кезеңіндегі инвестиция көлемі 9 млн доллар болды. Жоба аясында 30 жыл ішінде 60 млрд АҚШ долларына дейін одан әрі масштабтау мүмкіндігі бар.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер