astana-view

«Атамекен» ҰКП Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте бірқатар жобаны таныстырды

2023 жылғы 04 Желтоқсан
9003 просмотров

 Ұлттық палата мамандары СОР 28 – Климат жөніндегі дүниежүзілік  саммиті аясында бірнеше көміртекті жобаны таныстырды.

 Алдымен экологиялық және климаттық мақсаттарға қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар эрозияға ұшыраған топырақты қалпына келтіруге ықпал ететін орман өсіру жобасы таныстырылды.

 «Қазақстанда жалпы алаңның шамамен 21%-ы тозған. Бұл дегеніміз 57 млн га, соның ішінде 27 млн га – жайылым. Біз сондай-ақ көміртегі бірліктерін өндірумен жайылымдық жерлерді қалпына келтіру жобаларын ілгерілетіп жатырмыз. Осылайша, фермер көміртегі бірліктерін сатудан қосымша экспорттық түсім ала алады», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов.

Жайылы жерлердің көміртекті сіңіру жөніндегі пилоттық жоба «KazBeef Ltd» ЖШС пайдаланатын 40 мың гектар алқапта іске асырылатын болады. Осы тұжырымдаманың әзірлеушісі америкалық EcoBalanceGlobal компаниясы. Тұжырымдама дүние жүзіндегі жайылымдарда көміртекті топырақ сіңіру негізінде көміртегі бірліктерін өндіруді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

 «Пилоттық жобаға бастапық инвестиция сомасы  7 млн долларды құрап отыр. Болашақта жобаны 200 мың гектар аумаққа кеңейтуге болады. Бұл шара жайылым жерлерге азықтық сыйымдылығын арттыруға, жайылымдарға қосымша жүктеме салмай, ірі қара мал басын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл шара топырақтағы ылғалды сақтау, жердің тозуын болдырмау, сондай-ақ көміртегі шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Ұлттық палата басшысы.

2 желтоқсанда Саммит алаңында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің қатысуымен Ecobalanceglobal мен «KazBeef Ltd» ЖШС арасындағы көміртегі шаруашылығын іске асыру жөніндегі Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, Ұлттық палата мемлекеттік органдармен бірлесіп айналысып жатқан нормативтік базаны жетілдіру мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді.

«Біз мемлекеттік органдармен бірлесіп, нормативтік базаны пысықтап жатырмыз. Өйткені бұл мүлдем жаңа нарық, жаңа ережелер. Саммитте пленарлық сессияда біз халықаралық ұйымдар және қазақстандық сарапшылармен көміртегі жобаларын ынталандыру және дамытуды жалғастыру үшін өзгерту қажет барлық халықаралық стандарт бойынша ережелерді пысықтап, талқыладық», – деп қорытындылады Ұлттық палата басшысы.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер