Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздары анықталады
12 желтоқсанда Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жыл сайынғы «Алтын сапа» сыйлығы өтеді. Байқаудың басты мақсаты – отандық өнімнің сапасын арттыру. Демек, басты критерийлер – ұйымның өнім немесе қызмет сапасы саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуі, өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізуі. Биыл байқауға қатысуға 221 компания өтінім берді.
Өтетін күні мен уақыты: 2023 жылғы 12 желтоқсан сағат 9.00
Өтетін орны: Астана қаласы, Конгресс орталығы, Гейдар Әлиев к., 12
«Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауда жыл сайын төрт номинацияда үш санат бойынша сыйлық беріледі:
- «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
- «Халыққа тауар шығаратын үздік кәсіпорын»;
- «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»;
- «Азық-түлік және/немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын ең жақсы кәсіпорын».
Әр номинацияда келесі cанаттар бойынша үш жүлде беріледі:
- Шағын кәсіпкерлік субъекті;
- Орта кәсіпкерлік субъекті;
- Ірі кәсіпкерлік субъекті.
Байауда берілетін арнайы сыйлық:
- «Үздік индустриялық жоба»;
- «Үздік инновациялық жоба».
Байқау төрт кезеңнен тұрады. Қазіргі кезде сарапшылық комиссия материалдарды алдын ала бағалауды жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес барлық ақпарат байқаудың аяқталуына дейін құпия саналады және жарияланбайды.
«Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға Қазақстан аумағында тауар өндірумен (қару-жарақ және әскери техника өндірумен айналысатындардан басқа), қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады. Толық ақпаратпен www.altynsapa.kz сайтынан танысуға болады
БАҚ өкілдерін тіркеу төмендегі файлда көрсетілген форма бойынша 2023 жылғы 7 желтоқсан сағат 13:00-ге дейін қабылданады. Шараға тіркелу сұрақтары бойынша мына нөмерге хабарласуды сұраймыз: 8(707)757-50-02 – Назерке Есеналиева («Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: