astana-view

Кәсіпкерлерге 2024 жылға жалпыға бірдей декларациялау қағидалары түсіндіріледі

2023 жылғы 05 Желтоқсан
5951 просмотров

Салық кодексіне сәйкес 2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі басталады. Оның шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды 2024 жылғы 1 қаңтарға қарай мынадай статустағы тұлғалар тапсыруы тиіс:

- заңды тұлғаның басшылары, құрылтайшысы және олардың жұбайы;

- жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайы.

  Осыған байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2023 жылдың 8 желтоқсанында сағат 11.00-де (Астана қ. уақытымен) Мемлекеттік кірістер комитеті және Учет.kz порталымен бірлесіп, жалпыға бірдей декларациялау бөлігінде салық заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша  семинар өткізеді.

 Жоғарыда аталған тақырыпқа қатысты сұрақтарды 2023 жылдың 5 желтоқсанына дейін мына электрон поштаға жіберуді сұраймыз: a.moldagaliyeva@atameken.kz.

Сонымен қатар семинарда Учёт.kz порталының оқырмандары сұрақтарын қояды.

Семинарға өңірлік кәсіпкерлер палатасы немесе онлайн форматта мына zoom-сілтеме арқылы қатысуға болады:

 

Семинарды Учёт.kz порталында мына сілтеме арқылы онлайн көруге болады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер