astana-view

Елордада «Іскер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

2023 жылғы 12 Желтоқсан
9498 просмотров

Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының марапаттау рәсімі аясында «Іскер», «Бизнес кемелдік», «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» сыйлықтарының жеңімпаздары өз марапатын алды.

 «Іскер» сыйлығы Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының қатысушылары арасында беріледі. Марапат өз қызметінде жетістіктерге қол жеткізген, тауарын үнемі жетілдіріп, сапасын жақсартуға күш салып жатқан компанияларға табысталады.

 2023 жылы «Іскер» сыйлығын 12 компания алды:

 1.           «Асыл дән LTD» ЖШС, Қызылорда облысы

2.            «SMBGROUP Family» ЖШС, Солтүстік Қазақстан облысы

3.            «ULY DALA (ҰЛЫ ДАЛА)» ЖШС,  Ұлытау облысы

4.            «АзияАгроФуд» АҚ, Алматы облысы

5.            «Абылай-Хан» ЖШС, Атырау облысы

6.            «ЖАККО КАРАГАНДА» ЖШС, Қарағанды облысы

7.            «City Stone» ЖШС,  Алматы қаласы

8.            «Alexey Sultan Akhmet» ЖШС, Қызылорда облысы

9.            «Ақ Ерке і К» ЖШС, Қостанай облысы

10.          «Aurora Minerals Group» ЖШС, Астана қаласы

11.          «Конденсат» АҚ, Батыс Қазақстан облысы

12.           «SWEET Ideas - KZ» ЖШС, Шымкент қаласы

«Бүгін «Іскер» сыйлығын алдық. Жұмысымыз бағаланып жатқаны біз үшін маңызды. Бұл жүлде жаңа бастамаларға талпыныс, жақсы баға. Елордада шара аясында әріптестерімізбен таныстық, алдағы жұмысқа қажет іскерлік байланыс орнаттық», – деді  «АзияАгроФуд» АҚ жетекшісі Саят Ашенов. Бұл компания астық өңдеу, ұн, глюкоза шәрбәті, сондай-ақ аралас жемшөп өндірумен айналысады.

 «Бизнес Кемелділік» сыйлығы қоғамдық қызметте табысқа жеткен және бизнесте прогрессивті тәсілдерді енгізген компаниялардың айрықша еңбегі үшін беріледі. Биыл сыйлықты екі компания алды:  

1.            ГК «GREEN TOWER GROUP» ЖШС, Алматы қаласы

2.            QAZAQ OIL ЖШС, PETRORETAIL бренді,  Астана қаласы

ГК «GREEN TOWER GROUP» ЖШС өкілі Гүлмира Толғабаева осындай байқау ұйымдастырып, компанияның отандық бизнес пен экономикаға қосқан үлесін бағалағаны үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғысын білдірді.

 «Ұлы дала елі» ортақ бренді өнімді халықаралық нарықтарға экспорттайтын Қазақстанның үздік отандық тауар өндірушілеріне табысталады.

 Биыл беделді награданы 3 компания иеленді:

1. «ДЕП» ЖШС, Қостанай облысы

2. «КазФерроСталь»  ЖШС, Алматы қаласы

3. «Алтын Орда» ЖШС, Қызылорда облысы.

Йодталған ас тұзын өндіретін «Алтын орда» ЖШС директоры Нариман Әбжанов байқауға өтінім бергенін айтты. Кейін зауытқа комиссия келіп, өндірісті, экспорт бойынша құжаттарды тексерген.

 «Бүгін жеңімпаз атандық. Нарықта 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Екі зауытымыз бар. 2021 жылы «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты болдық. 2022 жылдан бері тұзды Ресей, Беларусь, Грузия, Латвия, Литва, Қырғызстан, Монғолияға экспорттай бастадық. Қытайға экспорттауға келіссөздер жүріп жатыр. Осындай сыйлықты иелену дамуға жетелейді, ал «Ұлы дала елі» ортақ брендін жарнама мақсатында қолдану да экспорттың дамуына жол ашады. Қазіргі кезде өнімнің 70 пайызын шетелге экспорттап жатырмыз», – деді Нариман Әбжанов.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер