astana-view

Астанада «Алтын сапа» сыйлығын табыстау аясында бірнеше номинацияда үздік кәсіпорындар анықталды

2023 жылғы 12 Желтоқсан
7342 просмотров

Президенттік «Алтын сапа» сыйлығы 17 жыл ішінде сапаның алтын стандартының нышанына айналды.  Сыйлық иелері өз кәсіпорнының бәсекеге қабілеттілігін растайды. Бұл шара елімізді жаһандағы экономикалық жүйеге интеграциялау үшін өте маңызды.

 Азық-түлік немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын:

 1.           «Рубиком» ЖШС, Павлодар облысы

2.            «AYKAN» ЖШС, Түркістан облысы

3.            «Алтын-Қазық», Ақмола облысы

Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын:

1.            «Буркит Сэйфти» ЖШС, Атырау облысы

2.            «ӘЛЕМ-БТ» ЖШС,  Шымкент қаласы

3.            «Asia Brend» жеке кәсіпкерлігі, Түркістан облысы

Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын:

1.            «Global-Safety» ЖШС, Ақтөбе облысы

2.            «Жаркент-Арасан» медициналық-сауықтыру кешені» ЖШС, Жетісу облысы

3.            «Lanzhou Company» ЖШС, Алматы қаласы

Марапаттау барысында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Алтын сапа» наградаларын табыстады:

 1.           «ҚазАзот» АҚ, Маңғыстау облысы

2.            «МедиДез» ғылыми-өндірістік бірлестік» ЖШС, Қостанай облысы

3.            «Med365» ЖШС,  Алматы қаласы

Сондай-ақ, премьер-министр павлодарлық «Галицкое» ЖШС және «Казцинк» ЖШС түсті металлургия лидеріне «Парыз» «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығын табыс етті.

«Lanzhou Company» ЖШС директоры және негізін қалаушы Гүлбану Майғарина атап өткендей, «Lanzhou» фаст-фуд мейрамханалар желісі үшін «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» сыйлығын алу қызметтер мен өнімдер сапасының жоғары деңгейін растайтын маңызды жетістік.

 «Бұл жүлде компаниямыздың тамақтану саласындағы лидер ретідегі беделін нығайта түсіп қана қоймай, әрі қарайғы өсу мен дамуңа жаңа мүмкіндіктер ашады. Команамызға марапат алу – еңбегінің жанғаны. Әр қызметкер өзінің күнделікті еңбегі жеміс әкелгенін, отандық брендтің қалыптасуына және оның әлемге шығуына үлкен үлес қосып жатқанын сезінеді. Әр қызметкер – үлкен тізбектің құрауышы екенін түйсінеді. Мұндай жетістік кәсіпқойлардың мықты командасының арқасы!», – деді Гүлбану Майғарина.

Бүгінде 1600 адам жұмыс істейтін «РУБИКОМ» ЖШС бас директоры Елена Осинская қызметкерлеріне жан-жақты әлеуметтік пакет беріп қана қоймай, сонымен қатар өндірістік алаңдар орналасқан аудандардың тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетеді. 

 «Кәсіпорындардың әлеуметтік бағдарлануы өңірдегі әр кәсіпорын үшін міндетті болуы керек деп санаймын! «РУБИКОМ» компаниясы азық-түлік саласының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің бастамаларын белсенді түрде енгізеді және қолдайды. Бұл бастамаларды жүзеге асыруға күш саламыз,  кәсіпорындардың ғана емес, бүкіл елдің тұрақты дамуы мен өркендеуіне ұмтыламыз», – деді Елена Осинская.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер