astana-view

Жеке тұлғалардың мобильді аударымдары жайында

2023 жылғы 21 Желтоқсан
7386 просмотров

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер бизнес өкілдерінің (заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен басшылары және жеке кәсіпкерлер (жұбайлары) банк операциялары бойынша ақпаратты мемлекеттік органға бере бастайды.

 ҚР Қаржы министрінің 29.03.2022 жылғы №323 бұйрығымен банктердің кәсіпкерлік қызмет белгілері бар жеке тұлғалардың мәліметтерін ұсыну қағидалары белгіленді.

Жеке тұлғаның қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған жеке банктік шотқа ақша қаражатын алуы  кәсіпкерлік қызмет белгілері саналады.

 Осыған байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жеке тұлғалардың жеке шоттарын кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбауға кеңес береді.

  

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер