astana-view

Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік қауіпсіздігі мен сауда бөлігінде заңнаманы өзгертуді ұсынды

2023 жылғы 25 Желтоқсан
9173 просмотров

Қазіргі кезде Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг және сауда объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды іске асыру мүмкіндігі бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» қорытынды жобасына өзгерістерді енгізу ұсынды.

Ол үшін Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. Соның ішінде:

-Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне – жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды қолдану аясын кеңейту бөлігінде;

- «Ветеринария туралы» ҚР Заңына – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға малды дайындау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу, сондай-ақ тасымалдау (орнын ауыстыру) процесінде тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мониторинг бағдарламасын іске асыру үшін сынама алу мүмкіндігін беру міндеті бөлігінде.

 Уәкілетті орган мамандарының айтуынша, бұл өзгерістер тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) бойынша тұтынушылар мен әріптестер тарапынан оған деген сенімді нығайтуға бағытталған.

 Алайда, бұл өзгерістер жануарлардан алынатын азық-түлік өнімдерін (сүт, ет өнімдері, жұмыртқа, бал және т.б., шұжық өнімдеріне дейін) сататын әрбір субъектіге әсер етеді. Инновациялар сауда субъектілері үшін ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға қойылатын талаптарды сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға қажетті ақпарат пен құжаттаманы беруге міндетті қосымша шығындар мен міндеттемелерге әкеп соғады.

Бұл өзгерістердің қажеттілігі күмән келтіреді. Өйткені сатушының сөресіндегі тамақ өнімдері Денсаулық сақтау және техникалық реттеу министрлігінің санитариялық қызметтерінің бақылауында.

Бақылаудағы субъектілер мен объектілер санының ұлғаюы ветеринариялық-санитариялық қызметтер мен зертханалар қызметкерлерінің штат санының қосымша бірнеше есе ұлғаюымен ұштасатыны анық. Мұның бәрі бюджетке жүктеме болып түседі.

 Ауыл шаруашылығы министрлігіне өзіне қарасты нысандарға назар аударып, сол жерде тәртіп пен тиісті бақылау орнатқаны дұрыс емес пе?

Құрметті сауда саласының кәсіпкерлері! Сіздерге қорытынды жобасының толық мәтінімен танысып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» жобаға өз пікіріңізді білдіруіңізді ұсынамыз.

 Бізге әр пікір маңызды. Осылайша біз кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін қорғай аламыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сауда саласын дамытуға жәрдемдесуге атсалысамыз.

 Ұсыныстар мен ескертпелерді мына электрон поштаға жолдауға болады: a.momynbekov@atameken.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер