astana-view

«Атамекен» басшысының жаңа жылмен құттықтауы!

2023 жылғы 31 Желтоқсан
4990 просмотров

Құрметті кәсіпкерлер!

Баршаңызды келе жатқан 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Төрімізден кетіп бара жатқан 2023 жыл бизнес үшін оңайға соқпағаны анық. Дегенмен кәсіпкерлер жаңа жобаларды іске асырды, жұмыс орындарын құрды, осылайша елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруына үлес қосты.  

«Атамекен» ҰКП отандық бизнес-қоғамдастыққа жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді. Берік серіктестігіміз 2024 жылы да тұрақты, нәтижелі болады деп сенеміз. Өзара ынтымақтастық отандық бизнесті одан әрі нығайтуға және жаңа сын-қатерлерге төтеп беруге мүмкіндік береді.

Жаңа жыл жақсылықтың, ырыс пен жаңа мүмкіндіктердің бастауы болсын!

Сіздерге зор денсаулық, отбасында амандық, тыныштық, бақыт, құт-береке тілеймін!

 Жаңа жылда кездескенше амандықта болайық!

Ізгі ниетпен, «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов
 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер