astana-view

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап қандай дәрі дәрмектер мен тауарларды таңбалау қажеттігін түсіндірді

2024 жылғы 04 Қаңтар
- Ұлытау облысы
9314 просмотров

Бүгін салалық қызметтер кеңесінің отырысында "Ұлытау облысының аумағында дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау" тақырыбында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті "РММ сарапшылары фармацевтикалық компанияларға, дәріханаларға түсініктеме берді. 

Іс-шара офлайн форматта және ZOOM платформасы арқылы өтті. 
Отырыс жұмысына "Денсаулық +", "Живица", "Шарапат", "Галиулина" ЖК, "Миллениум", Жезқазған қаласындағы медициналық орталық дәріханасы және т. б. дәріханалардың басшылары қатысты.

-Қазақстан Үкіметінің 2023 жылғы 21 қазандағы қаулысымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізілді, -отырыс тақырыбын салалық даму жөніндегі ӨКП жетекші сарапшысы Маржан Жауен белгіледі


- 2024 жылғы 1 шілдеден бастап ветеринарияда қолданылатын дәрілік заттар мен вакциналарды қоспағанда, Қазақстанға әкелінген немесе республика аумағында өндірілген, дозаланған дәрілік нысандар (трансдермалдық жүйелер нысанындағы дәрілік заттарды қоса алғанда) түрінде немесе бөлшек саудаға арналған нысандарға немесе орамаларға өлшеп оралған дәрілік заттарды міндетті таңбалау енгізіледі. Таңбалау және қадағалау жүйесін енгізудің мақсаты - азаматтар мен пациенттердің денсаулығын қорғау, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Өздеріңіз білетіндей, өкінішке орай, фармацевтика саласында дәрі-дәрмектерді қолдан жасау жағдайлары бар. Бұл денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Дұрыс емес дозалар барлық жастағы адамдарға, әсіресе балаларға тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан бұл мәселеге ерекше назар аудару қажет, - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы" Гүлмира Бекзатова дәріхана басшылары мен өкілдеріне арнаған сөзінде. 
Салалық кеңес барысында фармацевтер спикерлердің таңбалауға арналған құралдар тізіміне және қабылданған қаулыға сәйкес талаптарға қатысты қызықтырған сұрақтарын қойды.
 


​​​​​​​

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер