Бизнеске қысым: «Атамекен» кеденіндегі негізсіз тексерулер Кеңес отырысында қаралды
Бүгін Түркістан қаласында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиын офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылды.
Отырысты Кеңес төрағасы Орынбасар Кабиштаев жүргізді. Қатысқандар: кеден қызметінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің облыстық басшылығы және «Оптовые Склады» ЖШС басшылығы, сондай-ақ, ҚР “Атамекен” ҰКП-ның өкілдері.
Негізгі мәселе – «Атамекен» кеден бекетінде «Оптовые Склады» ЖШС көліктеріне негізсіз тереңдетілген тексерулер жүргізілуі. Бұл логистика мерзімін бұзып, қаржылық шығындар тудырды.
Компаниядан Палатаға ресми өтініш түсті. Кәсіпкерлердің айтуынша:
• тауар тиелген көліктер ұзақ уақыт ұсталған
• тексерулер өкіл қатысуынсыз жүргізілген
• актілер мен ресми түсіндірмелер берілмеген
Палата қызметкерлері кеден бекетіне барып мәселені зерттеп, Кеңес отырысында қаралды.
.jpeg)
.jpeg)
Палатаның жетекші сарапшысы Сержан Сартбаев 2025 жылдың 11 айындағы жұмыстарды баяндады:
• 11 отырыс өткізілген
• 28 жүйелі мәселе қаралған
• 112 ұсыным әзірленген, оның 101-і (90,2%) орындалған
• 1 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған (Мәдениет үйінің мемлекеттік сатып алу маманына «ескерту»)
.jpeg)
Кеңестің көшпелі отырыстары Арыс пен Сарыағашта, сондай-ақ «AMANAT» партиясымен бірлескен жиындар өткізілді.
2024 жылы Түркістан қалалық Мәдениет үйінің 177 млн теңге көлеміндегі төлемді орындамауы медиация арқылы шешілді. Кеңес ұсынымы бойынша төлем жүргізіліп, жауапты қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Отырыста кедендік бақылаудағы негізсіз әрекеттер бойынша мемлекеттік органдардың жауапкершілігі күшейтілді. Кеңес мүшелері ұсыныстарды хаттамаға енгізіп, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)



Пікір қалдыру:
Пікірлер: