Ұлттық палатада Парламент депутаттарымен жыл сайынғы кездесу өтті
«Атамекен» ҰКП алаңында Ұлттық палата ұжымы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев және елордалық мәслихат депутаттарымен кездесті.
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин жиынды ашып, депутаттық корпуспен тығыз ынтымақтастық арқылы ҰКП өкілдері жұмыс тобының мүшесі, сарапшы ретінде Парламентт Мәжілісінде қаралатын әр заң жобасына дерлік қатысып жүргенін атап өтті.
«Парламентпен тығыз ынтымақтастықта әкімшілік кедергілер мен кәсібін адал жүргізетін бизнеске негізсіз қысымды төмендету бойынша кәсіпкерлікті дамытудың жалпы тәсілдерін әзірлеп жатырмыз. Екі жылға жуық уақыт бойы мемлекеттік органдар, бизнес пен Ұлттық палата өкілдерінің белсенді қатысуымен бизнесті жүргізу мәселелері бойынша заңмен жұмыс жүргізілді. Жақында, екінші оқылымда ҚР Парламенті Мәжілісі бизнес жүргізу туралы заңды мақұлдады. Бұл заң Қазақстан бизнес-қоғамдастығы үшін айрықша маңызды. Заңның негізі «таза парақтан» реттеу саясатын енгізу болған. Сенаттағы жұмыс аяқталып, оған Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін бизнес-қоғамдастық өзгерістің барлық артықшылығын сезініп, оң нәтижесін көретініне сенімдімін», – деді Мұрат Амрин.
«Бизнес үшін жаңа Салық кодексі де маңызды құжат. Заңның жаңа редакциясы жақын арада Мәжіліс қарауына жіберіледі. Осыған байланысты біз Мәжілістің депутаттық корпусымен тығыз байланысқа дайынбыз»,– Ұлттық палата сарапшысы.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев заң шығару процесі өте күрделі екенін атап өтті. Салық, жарнама немесе медицинаға қатысты заң жобасы болсын, соңғы шешім ой-талқы мен пікірталастардың нәтижесінде шығарылады. Мысалы, медицина мәселелері жөніндегі заң жобасы 2020 жылдан бастап Мәжілісте талқыланып жатыр. Сондықтан депутаттық корпус жұмыс топтарының отырыстарында ҰКП ұсыныстарын қарап, талқылауға дайын.
Астана қаласы мәслихатының депутаттары елордалық бизнеске қатысты мәселелерді көтерді.
Депутат Кендебай Адамбек Астана қаласы мәслихатының депутаты ретінде елорданың кәсіпкерлік мәселелерімен жақсы таныс екенін айтты. ӘКК, АЭА және Ұлттық палатаның қалалық филиалымен тығыз өзара іс-қимыл нәтижесінде «Астана кәсіпкері» өңірлік бағдарламасы әзірленіп, қабылданды: Бағдарлама елорданың шағын және орта бизнесін дамытуға және қолдауға бағытталған. Мәслихат КҚКО жұмысына ерекше көңіл бөледі.
Мәслихат депутаты Сәуле Самидин қаланың барлық мәселесін, соның ішінде коммуналдық қызметтер, автокөлік, мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің жұмысын, сондай-ақ креатив экономиканы дамыту мәселелерін білетінін айтты. Ол бизнес өкілдері және тұрғындардан кері байланыс алу өте маңызды екенін атап өтті.
Өз кезегінде Мұрат Амрин отандық бизнестің «жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға қатысу мәселесі әлі күнге дейін бизнес үшін нақты анық емесін айтты. Ал жеке бизнес мемлекеттік қолдау шаралары нарықтың барлық қатысушысы үшін тең болуы тиіс екенін түсінуі керегін атап өтті.
Сонымен қатар, мемлекеттің қатысуы бар компаниялармен қатар жеке бизнестің бәсекелесуінің күрделілігі туралы мәселе көтерілді. Өйткені бизнес үшін мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары ұсынылады. Атап айтқанда, автобус тасымалы, мектепке дейінгі білім беру мекемелері және басқа да қызмет түрлері.
«Атамекен» ҰКП өкілдері кәсіпкерлерді толғандыратын мәселелерді айтуға мүмкіндік алды.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің басқарушы директоры Жақып Хайрушев депутаттардың назарын энергия үнемдеу, сондай-ақ ТКШ саласындағы бизнесті қолдау жөніндегі заңнаманы күшейтуге аударды.
Техникалық реттеу департаментінің директоры Жазира Шүйкебаева бюджет заңнамасының маңызын атап өтті.
Құрылыс және жер қатынастары департаментінің директоры Назира Үсенова Астанадағы жер және құрылыс бойынша мәселені көтерді. Жиында 25-тен астам бизнес мәселесі жұмыс тобына ұсынылып, қолдау тапқанымен, әзірге ешқандай мәселе шешілген жоқ. Қала шегіне енгізілген жерлерді босатуға қатысты түзетулер бойынша мәселе өзекті болып тұр.
Жиынды қорытындылай келе, Мұрат Амрин кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша одан әрі жемісті жұмысқа үміт артып, ҰКП көтеретін түйткілді мәселелер мен бизнеске қатысты заң жобаларымен жұмыс істеу процесінде ұсыныстар ескерілетініне сенім білдірді.
ҚР Парламентінің депутаттары жыл сайын Қазақстанның барлық өңірін аралап, сайлаушылармен кездесулер өткізеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: