Жалпыға бірдей декларациялау-2024 және мобильді аударымдар
2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі басталады. Соның шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мынадай санатқа жататын тұлғалар тапсыруы тиіс:
- заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары;
- жеке кәсіпкерлер мен жұбайлары.
Бұдан басқа, ҚР Қаржы министрінің 29.03.2022 жылғы №323 бұйрығына сәйкес 2024 жылдың қорытындысы бойынша банктер бизнес өкілдерінің (заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен басшылары және жеке кәсіпкерлер (ерлі-зайыпты) банктік операциялары бойынша ақпарат беретін болады.
Осыған байланысты 2024 жылдың 11 қаңтарында сағат 15:00-де (Астана қ. уақытымен) Ұлттық палата және Мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдарға қатысты салық заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша бірлескен семинар өткізеді.
Семинарға өңірлік кәсіпкерлер палаталары немесе мына zoom сілтеме арқылы қатысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: