Бизнеске қала құрылысы саласында оңтайлы кодекс керек
Үкімет мақұлдаған және Парламенттің қарауына енгізілген ҚР Құрылыс кодексінің жобасын ҚР Өнеркәчіп және құрылыс министрлігіне қайта өңдеуге қайтар керек – сарапшылар.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Сараптамалық ұйымдар палатасы Үкімет бекіткен және Парламенттің қарауына ұсынылған ҚР Құрылыс кодексі жобасының сапасына бизнес-қоғамдастық келесі себептерге байланысты көңілі толмайтынын хабарлайды:
• ҚР Құрылыс кодексінің жобасы Мемлекет басшысының «тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа құжат» әзірлеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес келмейді. Ол сондай-ақ принципті жаңа, жасампаз әрі заманауи шешімдер қамтылмаған қолданыстағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің кеңейтілген жиынтығы болып табылады.
• ҚР Құрылыс кодексінің жобасы уақыт талабына және саланың сұранысына жауап бере алмайды.
• ҚР Құрылыс кодексінің жобасында құрылысқа сараптама жүргізу нарығын «Мемсараптама» РМК пайдасына толығымен жойып жіберу көзделген.
• ҚР Құрылыс кодексінің жобасын әзірлеуге салалық қауымдастықтар мен сарапшылар, ғылыми қоғамдастық пен бизнес тартылған жоқ. Сонымен қатар, әзірлеуші тарапынан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми түрде жолданған кәсіпкерлік субъектілерінің кодекс жобасына қатысты ескертулері мен ұсыныстарын есепке алынбады.
• ҚР Құрылыс кодексінің жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын формальды түрде жүзеге асырудың үлгісі болып табылады, ол қабылданған жағдайда, салада бар мәселелер шешілмейді, керісінше қиындайды.
Осыған байланысты «Атамекен» ҰКП және мамандандырылған бірлестіктер бұл құжатты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қайта қарауға қайтару туралы өтініш білдіріп, Парламент Мәжілісіне жүгініп отыр.
Тиімді жұмыс істеу үшін еліміздегі құрылысшылар қауымына нақты алгоритмдер мен нақты заңдар қажет. Қазақстандағы құрылыс саласында қолданыстағы ондаған заңдар мен ережелердің жиынтығынан жоғары тұратын нақты реттеу тетігі жоқ. 2022 жылдың қыркүйегінде ҚР Құрылыс кодексінің жобасын әзірлеу қолға алынған кезде ел Президентінің тапсырмасы бойынша құрылыс саласына қатысушылардың үміті оянған болатын.
«Атамекен» ҰКП Құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы Ирина Манжанова ұлттық палатаның баспасөз конференциясында мәселенің мәні «министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасын тез орындауға тырысып жатқанында» екенін атап өтті.
«Бірақ Кодексті бір жылда әзірлеп шығу мүмкін емес. ...Егер Құрылыс кодексін парламентке ұсынылған мазмұнда қабылдайтын болса, онда құрылыс саласы түк өзгермей, ештеңе жақсармайды. Қазір біз бір-бірімен қабыспаған баптарды, түсініксіз нормаларды алдық. Бұдан басқа Кодекске Тұрғын үй құрылысында үлескерлік қатысу туралы заңды қосатын болса, онда қойыртпақтың өзі болады.
Бизнеске қала құрылысы саласынад оңтайлы кодекс керек. Қазіргі редакцияны қайта қарап, қайта пысықтайды деп сенеміз. Осы процеске қатыссуға дайынбыз», – деді сарапшы
2023 жылғы 25 желтоқсанда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Үкіметке Құрылыс кодексінің жобасын ұсынды. Кәсіби емес адамдар үшін бұл өте сенімді құжат болып көрінеді. Дегенмен, мамандарға барлығы айқын байқалып тұр: маңызды салалық мәселелерге қатысты таныстырылымы Министрлер кабинетін жаңылыстырды. Өйткені ұсынылған презентация құжаттың нақты мазмұнына сай келмейді.
Үкіметке Кодекс жобасын қабылдау «ең алдымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қатынастарды тұрақты реттеу орнатуға әсер етеді» деп түсіндірілді. Өкінішке қарай, бұл құжат аталған салаға қатысты кешенді ықпал ете алмайды. Кодекс жобасының «Құрылыс кодексі» деп аталуы тегін емес. Бұл құжатта, өкінішке қарай, сәулет және қала құрылысы мәселелері ескерілмеген. Аталған өте ауқымды мәселелер күні бүгінге дейін жеткілікті дәрежеде шешілген жоқ.
Түсінікті болу үшін атап өтейік: құрылыс дегеніміз - кірпішті қалай қалау керектігін, белгілі бір жағдайда мердігер не істеу керектігін нақтылайды. Қала құрылысы – экономикалық, демографиялық, құрылыс, техникалық, санитариялық, гигиеналық және эстетикалық мәселелерді кешенді түрде шешетін сәулет және құрылыс саласы. Бұл екі ұғымның арасында айқын көрінетін елеулі айырмашылық бар.
Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Qazproperty» коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылар қауымдастығы» ЗТБ Development комитетінің төрағасы Қайрат Көкенов негізгі проблема – қалаларды салуды жүйелеуді бұл кодекс шешпейді деп айтты.
«Кез келген кодекс нақты мақсатқа жету үшін нарық қатысушыларының құқықтық қатынастарын реттейді…қазіргі кезде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Қазақстанда қала құрылысы және құрылыс саласын дамытудың нақты тұжырымдамасы жоқ. Нақты стратегия, мақсаттар жоқ, қайда бара жатқанымыз белгісіз. Сондықтан Парламентке құжатты пысықтау үшін оны ҚР Өнеркәсіп және құрылысы минситрлігіне қайтаруды ұсынамыз. Бұл шара ең алдымен, болашаққа міндеттерді шешу үшін керек. Алдымен – мақсат, содан кейін оны шешудің құралдары кетеді», – деді Қайрат Көкенов.
Өнеркәсіп және құрылыс минстрлігінің таныстырылымында «Кодекс мемлекеттің, инвесторлардың, құрылыс салушылар мен тұрғындардың мүдделерінің тепе-теңдігін орнату нүктесіне айналады» деген тезис де айтылды. Бұл мәлімдемені тек күмәнмен қабылдауға болады: Кодекске бұрыннан бар нормалардан басқа жаңа әрі маңызды ештеңе қосылмаған.
«Президент түбегейлі жаңа құжатты әзірлеуді тапсырды. Онда «халық-мемлекет-бизнес» үштігі көрсетілер еді. Бұл ретте адам мүддесі бірінші орында тұруы керек. Кодекстің негізгі мақсаты адам өмірінің қолайлы ортасын құру болуы тиіс. Оның әр бөлімі мен тарауы оған бағынуы керек. Ешқандай қайшылық болмауы керек! Кодекстің ұсынылған нұсқасында реттеу ақша қаражатының қозғалысы басталатын кезеңдерді ғана қамтиды. Негізгі мақсаты жоғалып кетті.
Екінші. Құрылыста барлық процесс үздіксіз, технологиялық тұрғыда байланысты болуы тиіс. Қазіргі кезде елімізде нормативтер көп, мемлекеттік нормативтерде реттілік жоқ. Бір жүйеге бағынбаған. Ұсынылған Кодекс осы ретсіздікті реттеп тұрған жоқ.
Ең бастысы – жауапкершілік белгіленбеген. Қазір елімізде құрылыстың барлық кезеңде көптеген бұзушылық үшін үлкен жауапкершілік жоқ. Тек Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде ғана. Бірақ онда жауапкершілік бір АЕК-тен басталады және құқық бұзушылар үшін үлкен кедергі емес. Бүкіл өркениетті әлемде жауапкершілік келтірілген материалдық және мүліктік залалды толық өтеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл құрылыс жобасын іске асырудың барлық кезеңіндее бұзушылықтарға жол бермеудің басты кедергісі болып саналады. Ұсынылған жобада тағы да жауапкершілік белгіленбеген», – деп шағымданады «Кәсіби инженерлер одағы» ЗТБ атқарушы директоры Мелик Алпысбаев.
«Бұл құжат құрылыс саласының үмітін ақтамады. Президенттапсырған әр сөз нақты орындалуы керек. Мемлекет басшысы «Қала құрылысы кодексі» – Құрылыс кодексі емес, атына заты сай болуы керек дп айтты. Тұжырымды болуы керек деп айтты. Демек, қолданыстағы заңнаманы қайталамай, кешенді құжат әзірлеу керек», – деді спикер.
«Саланың инвестициялық тартымдылығы артады» деген мәлімдемеге де үлкен күмәнмен қарау керек. Кодекс жобасын қабылдау/қабылдамау бұған ешқандай әсер етпейді. Өйткені құжатта бұрыннан бар салалық мәселелердің принципті жаңа, креативті және заманауи шешімдері жоқ.
«Кодекс жобасы құрылыс саласындағы сауда-экономикалық қатынастарға қатысушылардың теңдігі мен бәсекелестік тепе-теңдігін қамтамасыз етеді» деген мәлімдеме тіпті де екіжүзділік болып көрінеді естіледі: Үкімет мақұлдаған Құрылыс кодексінің жобасы құрылыс жобаларын сараптау нарығын ашық түрде монополиялауға алып келеді.
«Құрылшыс министрлігі мемлекеттік емес құрылыс сараптамасы саласын жою үшін кодекс жобасы мен заңнамалық тетіктерді пайдаланғысы келді. Кодекстің 118-бабы мемлекеттік сараптаманың пайдасына сараптамалық қызметті толығымен монополиялап отыр. Әзірлеушілер 2000-нан аса адамның жұмыссыз қалатынына, сарапшылардың жұмысы үшін бірегей ақпараттық жүйені құруға 155 млн теңге қаражат жұмсалғанына алаңдамайды. Ешкім шығындарды өтеуді жоспарлап отырған жоқ.
Сегіз жыл бұрын мемлекет жұмыс сапасын арттыру, мерзімдер мен бағаларды төмендету үшін монополиядан құтылу үшін бәрін жасады. Ал қазір жағдайды кері қайтарып жатыр. Бұл нарық үшін өте нашар сигнал. Бизнес келесі жолы Өнеркәчіп және құрылыс министрлігіне сену керек пе деп қатты ойланатын болады. Егер мемлекеттік сараптама сапалы жұмыс істесе, онда әңгіме басқа болар еді. Іс жүзінде олай емес қой», – деп түсіндірді баспасөз конференциясында «Сараптамалық ұйымдар палатасы» аккредиттелген сараптамалық ұйымдардың кәсіби бірлестігінің басқарма төрағасы Бірлік Ережепов.
Сала мамандары мен бизнес-қоғамдастықтың қатты көңілін қалдырған, заң шығарушылардың қарауына ұсынылған Құрылыс кодексінің жобасы қолданыстағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің кеңейтілген телнұсқасы, яғни, дубликаты болып табылады. Қолданыстағы заңнама құрылысшылардың кәдесіне кем дегенде тағы 3-5 жылға жарайды. Ал Кодекс жобасында құрылыс мәселелерінен басқа мәселелер шешілмейді.
«Атамекен» ҰКП жалпы алғанда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің таныстырылымында айтылған құрылыс саласын реттеудің басым бағыттары мен шараларын қолдағанымен, қазіргі күйінде Кодекс жобасын түбегейлі қабылдау аса маңызды емес екенін объективті түрде мойындау керек.
Өкінішке қарай, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі индустрия қызметін реттеудің сыни жаңа жолдарын ұсынуды, заңнаманы қайта қарау міндетін орындаған жоқ. Кодекске қатысты атқарылған жұмыстар құжаттың әлеуетін толық ашпайды және Мемлекет басшысының тапсырмаларын жеткілікті түрде орындай алмайды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: