astana-view

Атырауда мұнай-газ секторындағы отандық өндірушілер үшін жеңілідктер мен шығындарды өтеу туралы айтылды

2024 жылғы 31 Қаңтар
3420 просмотров

Ұлттық палата өкілдері Атырау қаласында өткен мұнай-газ саласындағы қазақстандық өндірушілерге салық салудың өзекті мәселелер бойынша семинарға қатысты.

Іс-шараны «Атамекен» ҰКП Мұнай-газ секторы және экология департаменті «Petrocouncil» мұнай-газ кеңесімен бірлесіп ұйымдастырды.

Семинарда қазақстандық өндірушілерге салық салу, мұнай-газ саласындағы кедендік мәселелер, СТ-КЗ және индустриялық сертификаттар алу және саланың басқа да өзекті мәселелері талқыланды.

Іс-шараға мемлекеттік құрылымдар, «Атамекен» ҰКП, Мұнай сервистік компаниялар, өндіруші компаниялардың өкілдері, сондай-ақ ТШО, NCOC және Total E&P Dunga GmbH сияқты ірі операторлардың қаржы бөлімдері, сатып алу, келісімшарттар және жергілікті қамту департаменттерінің қызметкерлері қатысты.

Семинар модераторы –  «Атамекен» ҰКП Мұнай-газ секторы және экология департаментінің директоры Мұратбек Маханов атап өткендей, мұндай алаңдар мұнай-газ саласында өзектә мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда салық төлемдері, преференциялар және жаңа салықтық әкімшілендіру бойынша жинақталған мәселелер мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері бір үстел басында талқылады.

Мұнай-газ кеңесінің төрағасы Асылбек Жақиев семинар қонақтарын құттықтай отырып, Petrocouncil бүгінде жергілікті қамтуды дамыту мақсатында ірі жер қойнауын пайдаланушылар, мемлекеттік органдар мен бизнес субъектілері арасындағы тиімді диалог алаңы екенін атап өтті. Petrocouncil мұнай-газ компаниялары, операторлары, сондай-ақ түрлі мүдделі тараптармен саланың ең өзекті бағыттары бойынша тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Сала проблемалары Кеңес ұйымдастыратын салалық форумдар мен семинарларда нәтижелі талқыланады, шешімдер қабылданады.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов жаңа Салық заңнамасы шеңберінде жоспарланған өзгерістер туралы толық ақпарат берді:

«Банктік несиеге ұқсас салық берешегін төлеу бойынша бөліп төлеу мәселесін қарастырып жатырмыз. Салық төлеушілерге арналған критерийлер әзірленді, оларға салықты 12 айға дейін бөліп төлеуге рұқсат берілуі мүмкін. Өсімпұл есептеледі, бірақ егер салық төлеуші кестені бұзбаса, кәсіпорынның шоттары бұғатталмай, кәсіпкер жұмыс істей алады, — деп атап өтті Жәнібек Нұржанов. 

«QazIndustry» АҚ бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арыстанбек Сағиев еңбек өнімділігін арттыру және отандық тауар жұмыс қызметті ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік ынталандыру шаралары, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың өлшемдері және олардың жұмыс істеу шарттарына назар аударды.

«Атамекен» ҰКП сертификаттау департаменті директорының орынбасары Айнұр Күзембаева «СТ-KZ» формасындағы тауардың шығу түбі туралы сертификаттар беру тәртібі және тауар, жұмыс пен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ Индустриялық сертификат беру қағидалары, сатып алудағы жергілікті қамтуды есептеу тәртібі туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, спикерлер отандық тауар өндірушілер үшін ҚҚС қайтару мүмкіндіктері; ӨБК (Өнімді бөлу туралы келісім) жобаларында өндірушілер үшін еркін қойма мүмкіндіктерін пайдалану; ірі мұнай-газ жобаларында қазақстандық өндірушілер үшін әділ салық салу; отандық өндірушілер үшін преференциялар мен шығындарды өтеуді түсіндірді.

Семинар сұрақ-жауап сессиясы және қатысушылар арасында белсенді пікір алмасумен аяқталды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер