astana-view

МЖӘ: бес жыл ішінде келісімшарттар саны жеті есе қысқарған

2024 жылғы 31 Қаңтар
8422 просмотров

Өткен жылы «МЖӘ туралы» Заңға енгізілген түзетулерге қарамастан, бүгінде инвесторлар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік құралына қызығушылық танытпай отыр. МЖӘ орталығының мәліметінше, 2018 жылдан бастап жасалған келісімшарттар саны 7 есе қысқарған. Егер 2018 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 274 келісімшарт жасалса, 2023 жылдың 9 айында небәрі 37 келісімшарт жасалды.

«Атамекен» ҰКП мамандары келісімшарттар саны азайып жатқанын растады. Өйткені МЖӘ механизмін қолдану бойынша түсінікті қағидалар жасалмаған  және жеке инвесторлар үшін іс жүзінде жұмыс істейтін кепілдіктер жоқ.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамовтың айтуынша, 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» Заңның қолданылу кезеңінде құжатқа 100 түзету енгізілген.

«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік деп біз мемлекеттік органдар мен жеке компаниялар арасындағы ресурстарды екі жақтан да тиімді пайдалануға бағытталған ынтымақтастықты айтамыз. МЖӘ механизмін дамыту маңызды мәселе. Өйткені жеке компаниялар – инвестиция, технологиялық және басқару тәжірибесі саналады, сонымен қатар олар бюджетке түсетін жүктемені азайтады. Мемлекет өз кезегінде бұл процесті реттеп, негізгі ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ете алады», – деп атап өтті Магеррам Магеррамов.

 Спикер мұнда жеке компаниялардың мүддесі қозғалып жатпағанын айтты. Ашық келісімдер, мемлекеттік органдар мен жеке компаниялардың мүддесінің теңгерімі болуға тиіс.

ҰКП мамандары МЖӘ дамытудың бірыңғай векторының болмауы мемлекеттік органдардың еркін жүйесіз норма шығару бастамаларын тудыратынын атап өтті. Көбінесе бір-біріне қайшы келетін МЖӘ заңнамасына шексіз өзгерістер енгізу елдегі инвестициялық ахуалды тартымды етпейді.

«Мемлекет пен бизнестің мүддесін теңестіру, кәсіпкерге үнемі ақша табуға тырысатын адам ретінде қарауды тоқтату қажет. Расымен, негізінен МЖӘ механизмі халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қолданылады. МЖӘ ұзақ мерзімді жобалар екенін түсіну керек. Кез келген өзгерістер екі тараптың да кінәсінен жоспардан тыс бір нәрсенің орын алуына әкелуі мүмкін», – деп санайды «Атамекен» ҰКП Қаржы секторы департаменті директорының орынбасары Назгүл Ұзалина.

ҰКП өкілі қазіргі уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестікте шамадан тыс бюрократия салынған, қағидалар мен заңдардың көптігін айтты. Ал МЖӘ механизмін дамыту үшін ең алдымен тұрақты заңнама қажет екенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «МЖӘ механизмі – жаңа талаптар деңгейіне» тақырыбында сараптамалық кездесу өтті. Кездесудің модераторы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов болды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер