Қазақстанда ұлттық парктерді дамыту жөніндегі жол картасы қабылданады
«Атамекен» ҰКП-да ұлттық парктерде геопарктер құру және экотуризмді дамытуға қатысты жиын өтті.
Іс-шараға орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев, «Атамекен» ҰКП, Туризм және спорт министрлігі және «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері, салалық кеңестердің басшылары, туристік сала комитетінің мүшелері және турбизнестің мүдделі өкілдері қатысты. Олар Қазақстанда геопарктер құру және геотуризмді дамыту перспективалары, сондай-ақ ұлттық парктерде экологиялық туризмді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Жиында «Атамекен» ҰКП Төралқасының туристік сала комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева бірлесіп талқылануы және шешілуі қажет бірқатар мәселені атап өтті. Спикер туризмді тұрақты дамытудың маңызын және мемлекеттік органдармен ұлттық парктерде экотуризмді дамыту жөніндегі Жол картасына қол қоюды жеделдету қажеттігін айтты.
Өз кезегінде Данияр Тұрғымбаев жол картасы бойынша құжаттың соңғы нұсқасына енгізілетін ұсыныстар мен ескертулер әлі де келіп жатқанын айтты.
«Қазақстанда геопарктер бойынша заңнамалық база жоқ, сондықтан еліміздегі геопарктерді дамыту үшін көрші елдердің, атап айтқанда Қырғызстанның тәжірибесін зерделеу қажет. Бірлесіп шешім қабылдау үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру және осы мәселені заңнамаға енгізу үшін редакцияны пысықтаумен айналысу қажет деп санаймын», – деді Данияр Тұрғамбаев.
ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарк жөніндегі Қазақстан Ұлттық комитетінің төрайымы Саида Нығматова геопарктер өңірлерді және бүкіл әлемде дамытудың перспективалы нысандарының бірі екенін атап өтті.
«Қазір геопарктерге деген сұраныс артып жатыр. Олардың аумақтары ауқымды. Сонымен қатар, геопарктер өте табысты бизнес-жобаларға айналып және дестинацияда үлкен туристік ағындарды тартып жатыр», – деп түсіндірді Саида Нығматова.
Спиккер әлемдегі геопарктердің табысты дамуының кейстерін және Қазақстанда геопарктердің ашылуындағы кедергілер туралы айтты.
Қазақстандық туроператорлар келуші туристер санын арттыру тәсілі ретінде Қазақстанда геопарктер құру мен геотуризмді дамытудың маңызын атап өтті.
Жиын қорытындысы бойынша Жол картасын келісу және оған 2024 жылдың 22 ақпанына дейін қол қою, кейіннен ҚР премьер-министрінің орынбасарына келісуге жіберу, сондай-ақ Қазақстанда геопарктерді дамыту жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: