astana-view

Алакөл курорттық аймағына теміржолмен жолаушыларды тасымалдау мәселесі өзекті

2024 жылғы 22 Ақпан
7690 просмотров

Туристік сала өкілдері «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-қа жазғы маусымда жоспарланған бағыттардағы вагондар санын көбейту және Алакөл көлінің қолжетімділігі үшін жаңа бағыттар қосу туралы өтінішпен жүгінді.

Онлайн режимде өткен дөңгелек үстелде 2024 жылдың жазғы кезеңінде жолаушыларды тасымалдау, оның ішінде Алакөл көлінің жағалауына көлікпен қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Іс-шараға «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Атамекен» ҰКП және туризм саласындағы бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов алдағы жазғы туристік маусымға көліктік қолжетімділік, атап айтқанда теміржол тасымалы бойынша жағдай туралы айтты.

Қазіргі кезде  140 теміржол бағыты бар. Жазғы кезеңде жолаушылардың өтініші бойынша тағы 6 жазғы маршрут қосылады.

Алакөл көлінің бағыты бойынша 11 бағыт қарастырылған: 3 бағыт – Астанадан; 5 –Алматыдан; екеуі – Шығыс Қазақстан облысынан; біреуі – Абай облысынан. Билеттерді алдын ала сату пойыз жөнелтілгенге дейін 45 тәулік бұрын жүзеге асырылады.

 Оның айтуынша, «Жолаушылар тасымалы» АҚ вагондық жолаушылар паркін жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, вагондардың 23%-ы ауаны кондиционерлеу жүйесімен жабдықталмаған.

Алакөл курорттық аймағына дейін жолаушыларды тасымалдау бойынша статистика жеке көрсетілді: 2022 жылы – 243 мың, 2023 жылы – 254 мың, ал 2024 жылы 270 мың адамды тасымалдау жоспарланған.

Сонымен қатар туристік бизнес өкілдері ҚТЖ-ға туристік маусымда жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, олар вагондардың сапасына және жолаушылар вагон паркінің құрамын жаңарту қажеттілігі; вагондарды кондиционерлеу жүйесімен жарақтандыру; Павлодар, Шымкент, Өскемен қалаларынан Алакөлге интермодальдық тасымалдарды іске қосу; туристік класты пойыздарды қалыптастыру; маусымға билеттердің еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету; ерте брондау мәселелерін реттеуге қатысты болды.

 Жәнібек Айтжанов қойылған міндеттермен келісіп, барлық мәселе назарға алынғанын айтты.

Сонымен қатар, турбизнес өкілдері туристердің теміржол көлігімен жайлы саяхатын ұйымдастыру үшін нақты ұсыныстардв айтты.

Осылайша, олар жазғы кезеңде жолаушыларға ыңғайлы болу үшін пойыздардың қозғалыс кестесін оңтайландыруды ұсынды. Мысалы, түскі асқа «келу», таңертең «кету»; ескі вагондарды жетілдіру және жаңасына ауыстыруды жалғастыру; билеттерді онлайн тапсыру мүмкіндігін қарастыруды айтты. Өйткені туристердің Алматы қаласындағы вокзалға жету мүмкіндігі әрдайым бола бермейді. 

Сондай-ақ, әуе рейстерінің бағасын ескере отырып, теміржол вагондарында ыңғайлылықтың болуын, соның ішінде вагонның шығарылған жылы мен кондиционерлердің болуын ескере отырып, бәсекелестік баға саясатының қажеттілігіне назар аударылды.

Қайрат Сұлтанов жазғы кезеңде ұйымдастырылған балалар демалысы туралы мәселені көтерді. Спикер вагондардың тапшылығы және балалар лагерлеріне арналған билетпен брондау жүйесі; жазғы кезеңде балаларды тасымалдау үшін ерте брондау және тіркемелі қосымша вагондардың қажеттілігіне назар аударды. Сондай-ақ, ол Көкшетау қаласында теміржол перрондармен жабдықталмағанын, соның салдарынан балалар вагондардан секіріп, жарақат алатынын атап өтті.

 Меруерт Айтқазықызы ел ішінде саяхаттайтындар саны артып келе жатқанын еске салды.

«Егер клиенттердің кейбір бөлігі туристерге өз күшімен жетсе, туристердің көп бөлігі Жалаңашкөл станциясына тікелей қоғамдық көліктің болмауына байланысты көлге демалудан бас тартады. Павлодар қаласынан көлге келгісі келетіндермен де осындай жағдай. Олар Семей қаласынан түсіп, басқа көлікке отыруға мәжбүр немесе Жалаңашкөл қаласына тікелей маршрутқа міну үшін Қарағандыға немесе Астанаға баруы керек», – деді ол.

Туристік сала өкілдері жазғы маусымда жоспарланған бағыттардағы вагондар санын көбейтуд және Алакөл көлінің қолжетімділігі үшін жаңа бағыттарды қосуды сұрайды.

Елена Асылбекова да бұл ұсыныспен келісті. Ол Жаланашкөл станциясы арқылы оңтүстік бағыттағы вагондар мәселесі маңызды екенін айтты.

«Маусым кезінде билет брондау кезінде әуре-сарсаң болады. Сайттар Жаланашкөл станциясынан билет бермейді. Сайттарда 0 орын деп тұрады. Бірақ Достықтан билет қарасаң, билеттер бар болып шығады, сәл қымбатырақ болады. Біріншіден, туристер артық төлеуге мәжбүр; екіншіден, бұл механизмді әркімге түсіндіру мүмкін емес және жиі жүйе жиі істен шығады.  Әзірге клиент Жаланашкөл қаласынан қайту билетін сатып ала алмағаны үшін бас тартуға өтініш білдіруде. Достықтан да орын таусылып жатыр. Брондаудың өте оғаш және ыңғайлы емес тәсілі», – деп ашуланды кәсіпкер.

«Атамекен» ҰКП туризм департаментінің басқарушы директоры Дамиля Құнанова ел ішінде туристер ағынын арттыру үшін Алакөл көлінің курорттық аймағы үшін теміржол тасымалдарын ұйымдастырудың маңыздылығын тағы да атап өтті. Оның үстіне туристік маусымы өте қысқа. Маусымда тасымалдау мәселесін жолға қойыған маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар, халықтың ел ішінде саяхатқа деген сұранысының артуын ескере отырып, ыңғайлы көлік логистикасын, соның ішінде теміржол көлігін ұйымдастыру керек.

Биыл шекара маңы туризмін белсенді дамыту көзделіп отыр, онда жаңа халықаралық ТЖ маршруттарын ашу мүмкіндігін де қарастыру қажет.

Дамиля Құнанова ҚТЖ мен бизнес-қоғамдастық өкілдеріне белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, алдағы жазғы маусым туристер үшін жайлы болады және барлық ниет білдірушілер жоспарланған демалыс орындарына уақтылы жете алады деген үмітін білдірді.

Қорытындылай келе, дөңгелек үстел модераторы, «Қазақстан темір жолы» АҚ вице-президенті Әнуар Ахметжанов кәсіпкерлердің айтылған мәселелері шын мәнінде өзекті екенін, ерте брондауды ұйымдастыру, вагон паркін жаңарту және жаз маусымында пойыздар құрамын ұлғайту бойынша қойылған міндеттер жұмыста екенін және қаралып, ерекшелігін ескере отырып шешілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, спикер қоғамның жекелеген жобалар бойынша нақты ұсыныстарды жеке тәртіппен қарауға дайындығы туралы атап өтті, сондай-ақ ҚТЖ тарапынан алдағы туристік маусымда жолаушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды ұйымдастыру үшін барынша күш-жігер жұмсалатынына сендірді.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер