astana-view

Орталық Азиядағы бес мемлекеттің бизнесмендері келіссөз жүргізеді

2024 жылғы 11 Наурыз
1746 просмотров

14-15 наурыз аралығында Алматы қаласында «Мемлекеттік-жекеменшік диалог арқылы Орталық Азияның өңірлік экономикалық интеграциясын нығайту» B5+1 форумы өтеді.

Іскерлік шараны ҚР Ұлттық экономика министрлігі CIPE халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығының көмегімен ұйымдастырды.

Бір алаңда Орталық Азия елдерінің мемлекеттік аппараты, мемлекеттік емес секторының өкілдері жиналады. Орталық Азия кәсіпкерлері форумға Youtube канал арқылы онлайн-форматта қатыса алады.

Талқылау барысында көлік және логистика, электрондық сауда, туризм, агробизнес және жаңартылатын энергетика салалары қамтылатын болады.

Форум өңірдегі экономикалық өсуді жеделдету, өңірлік байланыстарды нығайту, елдік және халықаралық сауда ағындарын күшейту, сондай-ақ АҚШ-тан инвестиция тарту үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған.

B5+1 форумы барысында жария диалог платформасы арқылы Орталық Азияның мемлекеттік емес секторының лидерлері өз үкіметтеріне Орталық Азияда бизнес жүргізу кезінде іскерлік серіктестік орнатуда кездесетін проблемаларды жеткізе алады.

B5 + 1 форумын ұйымдастырушылардың жоспары бойынша бизнес және нарықтар арқылы Орталық Азияның өңірлік интеграциясын нығайту – Орталық Азияның бес мемлекеті (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан) мен АҚШ арасындағы бизнес-диалог болмақ.

Орталық Азиядағы мұндай форматтағы алғашқы форумы 2015 жылы құрылған осы мемлекеттердің арасындағы дипломатиялық платформа – C5+1-нің мемлекеттік емес сектордағы баламасы ретінде ойластырылған. 2023 жылғы 21 қыркүйекте C5 + 1 мемлекет басшылары бірлескен мәлімдемесінде «Өңірлік ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жеделдету, АҚШ-тың Орталық Азиядағы жеке секторының саудасы мен инвестициясы үшін неғұрлым қолайлы бизнес-орта құру жөніндегі күш-жігерді ілгерілету» мақсатында B5+1 құруға мүдделі екенін растады.

B5+1  форумы Орталық Азия мемлекеттерінің әрқайсысынан бизнестің жетекші пікірін ортаға салу және өзара, Америка Құрама Штаттарымен және әлемдік экономикамен іскерлік және инвестициялық байланыстарды құру жолындағы негізгі кедергі факторларды ашық талқылауға сеп болмақ.

Форум барысында доктор Фредерик Старрдың «Орталық Азия және әлем» тақырыбында негізгі баяндамасы жасалады деп күтілуде.

Форум жұмысы алты тақырыптық панельдік сессия бойынша өтеді:

1.Өңірлік экономикалық интеграцияны дамытуға бағытталған саясатқа сараптамалық қоғамдастықтың көзқарасы;

2.Орталық Азия бизнес-қоғамдастығының бизнес-ортаны жақсарту және өңірлік экономикалық интеграцияға жәрдемдесу жөніндегі саясатқа көзқарасы;

3. Экономикалық интеграцияны құруда үкіметтің көзқарасы және мемлекеттік-жекеменшік диалог жайында пікірлер;

4. Қауіпсіздіктен тыс факторлар – Орталық Азиядағы сауда ағындары мен инвестицияны ұлғайту үшін халықаралық серіктестікті кеңейту;

5.Орталық Азияның нарықтары мен инвестициялық ландшафты: АҚШ және халықаралық бизнес қауымдастығының келешегі;

6.Орталық Азияның нарықтары мен инвестициялық ландшафты: интеграцияланған көзқарас.

Форум жұмысына АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Даниэль Розенблюм, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов, АҚШ президентінің арнайы көмекшісі және Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде Ресей және Орталық Азия бойынша аға директоры Николас Берлинер, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, CIPE басқарушы директоры Абдулвахаб Алькебси, «Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесі басқарушы директорының орынбасары Дилан Морган қатысады.

Қатысушылардың жалпы саны 250 адам.

Күні: 2024 жылғы 14-15 наурыз

Өтетін орны: Қазақстан  Алматы қаласы Swiss Hotel, Таусамалы 50А

Шараға қатысу үшін аккредитация талап етіледі. Аккредитациядан өту үшін төмендегі байланыс деректеріне жүгінуді сұраймыз.

 

Пошта: forum.b5.1a@gmail.com

Байланыс номері: 8 778 607 90 12 (Жанна)

 

Онлайн-трансляция:

https://youtube.com/playlist?list=PLIZI5-RXmq2lWoOr9fpdBPI3rG6zHXeB5&si=qnG_WWNKUtVRe53o      

Introducing B5+1 - Center for International Private Enterprise (cipe.org)

                       


Еншілес ұйымдар

Серіктестер