Қазақстанда сыра қайнату өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды
2024 жылдың ақпанынан бастап Қаржы министрлігі сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
Пилоттық жобаның мақсаты – сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау тетіктерінің толықтығы, тиімділігі, нәтижелілігі және жеткіліктілігін тексеру. Жоба мынадай шараларды қамтамасыз ету үшін іске қосылды:
• тауардың түпнұсқалығын растау;
• сыра қайнату өнімдерін заңсыз әкелуге, өндіруге және айналымға қарсы іс-қимыл;
• сыра қайнату өнімдерінің айналымы мен өндірісінің заңнамада көзделмеген схемаларын пайдалануды болдырмау;
• сыра қайнату өнімдерінің айналымын есепке алу рәсімдерін стандарттау және біріздендіру.
Еске салсақ, пилоттық жоба барлық қатысушы үшін 2025 жылдың 31 наурызына дейін өткізіледі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: